Шымкент: Мирас пен Шапағат-2 шағын ауданында кәріз құбырлары жүргізілуде

14 шiлде 2023, 12:15

Қазір қаладағы 81 шағын ауданның 24-і канализациямен қамтамасыз етілген. Биылғы жылдың жоспарына сәйкес Мирас және Шапағат-2 шағын ауданында кәріз жүйесін қамту мақсатында жалпы ұзындығы 50,4 шақырым құбыр жүргізіліп жатыр. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов нысан басында болып, құрылыс жұмыстарымен танысты. Осыған дейін жұмыстардың 80% аяқталған. Құрылыс процесіне 30 жұмысшы, 7 арнайы техника жұмылдырылды. Бұл жөнінде қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, аталған елдімекендерге канализациялық желілерді тарту бағытында 2020 жылы жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамалық қорытынды алынған болатын. Кәріз жұмыстарының құрылысына арнайы қаражат 2021-2023 жылдар аралығында бөлінгендіктен, қазір мұнда мердігер мекема тарапынан жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Сонымен қатар, биыл Тассай, Тұранның ішкі жүйесі, Қайтпас-2, 112-орам, Бозарық шағын аудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық абонент кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде қалада кәрізбен қамту көрсеткіші 60 пайыздан 65 пайызға артады.

Одан бөлек, жыл соңына дейін 72 мыңға жуық адам сапалы ауыз сумен қамтылады. Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша қазіргі таңда 81 елді-мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтылған. Қалған Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елді мекендері кестемен қамтамасыз етілуде. Биыл Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы, Жаңа құрылыс аудандарында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылдың қорытындысымен 6 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 72 мыңға жуық адам сапалы ауыз сумен қамтылып, Шымкент қаласы бойынша ауыз сумен қамту ету көрсеткіші 98,5%-дан 100%-ға дейін өседі.

Айта кетейік, Шымкент қаласы аумағы бойынша 838,6 км жылу құбырлары бар. Бүгінде жылу құбырларының тозу деңгейі 37 пайызды құрайды. Сондай ақ, 23 қазандық және 17 сорғы стансалары жұмыс істейді. Ал, жылу қазандықтарының тозу деңгейі 30,5%, сорғы стансаларының тозу деңгейі 41 пайызды құрайды. Жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында бюджеттен 6,2 миллиард теңге қаржы қаралды. Атап айтқанда 3,1 миллиард теңгеге 8,7 км жылу жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 3,1 миллиард теңгеге 9,3 км жылу жүйелерін қайта құру жұмыстарын жүргізуге конкурс жарияланды.

Мерей Әлімбек

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды