jasqazaq.kz

Шымкент: Марафонға 5 мың адам қатысты

12 қыркүйек 2022, 14:15

Шымкентте 5-ші рет өткен жүгіру марафоны биыл рекорд орнатты. Оған 5 мыңға жуық азамат қатысты. Оның ішінде 6 жастағы баладан, 76 жастағы қарияға дейін бар.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қолға алынған бұқаралық сайыстың жүлде қорына 11 млн теңге қойылды.

Марафонға әр облыс, қаладан және алыс-жақын шетелдерден атап айтқанда: Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен келген әуесқой спортшылар бірнеше қашықтық бойынша бақтарын сынады. Ең ұзағы — 42 шақырым. Оны Шохрух Давлатов есімді желаяқ бірінші болып бағындырды. Көрші ел Өзбекстан Республикасынан келген марафоншы аталған аралықты 2 сағат 25 минутта жүгіріп өтті.

Бұдан бөлек, «Beginner» –5 шақырым, «Runner» –10, «Half-Marathon» –21, «Marathon» –42 және «Scandi» (жаяу жүріс) 5 шақырымдық ұйымадстырылып, жеңімпаздар бағалы сыйлақтармен марапатталды. Жалпы марафон бағдарламасына скандинавиялық жүріс пен экиден сынды бағыттар да қосылды.

Алдағы уақытта ұйымдастырушылар спорттық шараны тұрақты түрде өткізіп, оның форматы мен ауқымын кеңейтуді жоспарлауда.

11 қыркүйек күні Әл-Фараби алаңына тек кәсіпқой спортшылар ғана емес, салауатты өмір салтын қолдайтын әрбір тұрғын, спорт жанкүйерлері бақтарын сынады. Жарыста барлық қауіпсіздік талаптары сақталды. Жүгіру марафоны Әл-Фараби алаңынан басталып, сол алаңда өз мәресіне жетті. Жалпы іс-шарада 700-ден астам волонтер қызмет көрсеткен.

Айта кетейік, қалада 10-11 қыркүйек күндері «SHYMKENT MARATHON» шарасының өтуіне байланысты Әл-фараби алаңы уақытша жабылды. Осыған орай, 10 қыркүйек күні 52, 56, 92 маршруттары ұсынылған сызбаға сәйкес, Т.Айбергенов, Республика, Түркістан көшелері арқылы қатынады. Ал марафон ұйымдастырылған 11 қыркүйек күні, сағат 07:00 — 15:00 аралығында, Тәуке хан, Қонаев, Түркістан көшелері арқылы қатынайтын бағыттар Тәуке хан, А.Байтұрсынов, Н.Төреқұлов, М.Дулати, Қазыбек би көшелері арқылы қатынады.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті