jasqazaq.kz

Шымкент: Қоқыс шығару қызметіне қанағаттанбаған тұрғындар мердігермен шартты бұзуға құқылы

02 қазан 2022, 12:28

Көшелердің, автобус аялдамаларының, саябақтар мен скверлердің тазалығына, сондай-ақ қоғамдық орындардағы қоқыстарды шығаруға мемлекеттік мекемелер тікелей жауапты болады.

Қала және аудан әкімдіктеріне көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларының аумағынан қоқыс шығарумен айналысатын ұйымның жұмысына қатыстц шағымдар көптеп түсуде.

–Көппәтерлі үйлерден және жеке сектордан қоқыстарды уақтылы шығару үшін тұрғындармен шарт жасасқан ұйым (МИБ, ЖМ) жауапты болады. Белгілі бір коммуналдық компаниямен келісім-шартты тұрғындардың өз қалауы бойынша ғана жасалады. Яғни, олар қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін ұйымды өздері таңдап, тиісті шарт жасасады. Ал жергілікті атқарушы органдардың тұрғындар мен компания арасындағы қатынастарға араласуға құқығы жоқ. Ұйым жұмысты сапалы және кестеге сәйкес орындамаған жағдайда тұрғындар шартты бұзып, оны басқа компаниямен жасасуға құқылы, — делінген әкімдік хабарламасында.

Автобус аялдамалар, саябақтар мен скверлердің тазалығына, сондай-ақ қоғамдық орындардағы қоқыстарды шығаруға мемлекеттік мекемелер тікелей жауапты болады. Қазіргі уақытта бұл бойынша мәселе орын алып отқан жоқ.
Айта кетейік, Абай ауданының аумағында үш компания қызмет көрсетеді:
«ШымкентСпецКомплекс», Тел.: +7 702 753 7337;
«Керемет 2020» Тел.: +7 777 094 5576;
«Бастау», тел.: 8 701 701 00 50.

Әл-Фараби ауданында ҚТҚ шығарумен айналысатын компаниялар:
«Спецавтотранс», тел.: 8-701-505-75-36; «ШымкентСпецКомплекс», тел.: 8 702 255-64-94; 3. «Спецавтотранс» тел.: 8 702 753 73 37.

Еңбекші ауданын бойынша:
«Вайсалидзе» ЖК, тел.: 8-701-137-57-03;
«ЭКО-ком тазалық», тел.: 8-778-233-97-41;
«Спецавтотранс», тел.: 8-701-505-75-36.

Қаратау ауданында жұмыс істейтін компаниялар: «ЖанМейр», Тел.: +7 (701) 400-33-11;
«Вайсалидзе» ЖК, Тел.: +7 701 137 5703;
«Таза қала» ЖК, Тел.: +7 747 543-44-03;
«ПожТехМонтаж», Тел.: +7 778 883-52-77;
«Бастау» Тел.: +7 701 701-00-50..

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті