Шымкент: «Қасқасу-С» шаруа қожалығы ет өндірісін ерлеп тұр

17 шiлде 2023, 10:21

Шымкент – Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік және экономикалық орталықтарының бірі. Мегаполис орталығында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қолайлы болмаса да, қала аумағында еттік-сүттік мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының тұрақты дамуына мүмкіндік берілген.

Үшінші мегаполисте мал өсіру бойынша жақсы өсім байқалып, өткен жылы 8,9 мың тонна ет, 51,4 мың тонна сүт және 142,0 млн дана жұмыртқа өндірілді. Шымкент қаласының даму бағдарламасы негізінде 2022 жылы бірқатар индикаторлар бекітіліп, жыл бойы осы бағыттарда жұмыс жанданды. Нәтижесінде көрсеткіштер толық орындалып, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 46 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 1 млрд теңгеге артып отыр. Ауыл шаруашылығы мен тамақ өнімдерінің негізгі капиталына 15,3 млрд теңге инвестиция тартылды. Көзделген меже 11,6 млрд теңгеден асып, жоспар 3,7 млрд теңге артығымен орындалып отыр. Өнімдердің экспортында да ауыз толтырып айтарлықтай жетістік бар. Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнімнің көлемі 148,3 млн долларды құраған. Көрсеткіш 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,5 млн долларға артып отыр.

Шаһарда ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемін арттырып, импортқа тәуелділікті төмендету үшін құны 15 млрд теңгеге 14 жоба іске асырылып, 298 жұмыс орны ашылған. Оның ішінде 4 құс фермасы, 3 сүтті бағытта мал шаруа қожалығы, 1 балық шаруашылығы, 1 мал бордақылау бекеті, 2 сүтті қайта өңдеу кәсіпорын мен мал азығын дайындайтын кәсіпорын және 2 жылыжай кешені салынған.

Қазіргі таңда қала аумағында 73,9 мың бас ірі қара, 15,4 мың бас жылқы, 82,5 мың бас ұсақ мал, 3,1 мың бас шошқа және 877,1 мың үй құсы тіркелген. Осының ішінде мыңнан аса асыл тұқымды ірі қара мал бар. Мал шаруашылығын дамыту үшін 1 млрд теңгеден астам мемлекеттік қолдау бөлінген. Оның ішінде 185,1 млн теңгесі малдың жем-шөбіне беріледі. Мемлекеттік қолдауды пайдалана отырып, биыл 9,1 мың тонна ет, 52,3 мың тонна сүт және 154,0 млн дана жұмыртқа өндіруді жоспарланып отыр.

Шымкент қаласында бүгінде 100 бастан жоғары ірі қара мен жылқы малдарын бордақылайтын 30-дан аса мал бордақылау алаңы тұрақты жұмыс жасауда. Солардың бірі – «Қасқасу-С» шаруа қожалығы. Аталған қожалық Қаратау ауданы Мәртөбе тұрғын алабында орналасқан.

Шаруа қожалық 2017 жылы өз жұмысын бастаған. Ең алдымен 600 басқа арналған қора жай құрылысын салып, бұқашықтарды бордақылауға кіріскен. Былтыр саланы одан әрі дамыту мақсатында кәсіпкер қосымша 700 басқа арналған мал ұстайтын қоражайды салған екен. Нәтижесінде 12 ай ішінде 1 180 бас бұқашықты бордақылап, 330 тоннаға жуық таза ет өндіріліпті. Кәсіпкер қазіргі сәтте 500 бас бұқашыққа арналған қоражай құрылысын жүргізуді жоспарлап отыр.

Мерей Әлімбек

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды