Шымкент: Қаратау ауданда мемлекеттік бюджет түсімі артығымен орындалған

24 мамыр 2022, 16:26

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Қаратау аудандық кірістер басқармасының басшысы Қайрат Құдияров басқарма тарпынан 2022 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы берген баспасөз брифингте айтты.

«Мемлекеттік кірістер комитетінің құзырындағы кірістерден Мемлекеттік бюджет жоспары 108 пайызға орындалды. Есепті мерзімде бюджетке 613 303 мың теңге артығымен түсті (жоспар бойынша 7346 488 мың теңге мөлшерінде бекітілген, есепті мерзімде нақты түскені 7 959 791 мың теңге)», республикалық бюджет бойынша есепті мерзімге жоспар 103 пайызға орындалып, бюджетке 123 711 мың теңге артығымен өндірілді (жоспар бойынша 3 556 011 мың теңге болса, нақты түсім 3 679 722 мың теңге). Ал жергілікті бюджет бойынша есепті мерзімге межеленген жоспар 113 пайызға орындалып, бюджетке 489 592 мың теңге артық ѳндірілді (жоспар бойынша 3 790 477 мың теңге болса, нақты түсім 4 280 069 мың теңге)- деді аудандық кірістер басқармасының басшысы.

Сондай-ақ, спикер баспасөз мәжілісінде салықтық қызметтің түрлеріне де тоқтала келе, осы жылдың І тоқсанында жалпы 51 935 мемлекеттік қызметтің 51 757-і электронды түрде, ал 178-і қағаз жүзінде көрсетілгендігін айтты.

Азаматтар салықты «E-Salyq Azamat», «E-Salyq Business» қосымшалары арқылы төлей алады. Ал, ҚР ҚМ МКК тарапынан ашылған «SalyqBot» анықтамалық бот (чат) арқылы салықтар мен міндетті төлемдерге, кедендік төлемдерге қатысты мәліметтер, анықтамалар алуға болады, сұрақтар қоюға болады. Осы «E-Salyq Azamat», «E-Salyq Business» мобильді қосымшалары туралы толық мәліметтерді алуға болады, осы қосымшалармен бейнесабақтармен қалай жұмыс жасау керектігі толық түсіндіреді.

Айта кетейік, қосымшада артық төлемді басқару сервисі іске қосылды. Яғни, бұл сервис бір салықтан артық төлемді басқа салықтарға аудару арқылы жүзеге асырылады. Қаражат банктік шотқа 5 жұмыс күнінде қайтарылады. Сондай-ақ, қосымшада «Қызметкердің еңбегіне ақы төлеу» сервисі де бар. Ол жұмыс істейтін тұлғаға еңбек ақысынан есептелген жеке табыс салығының, зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік аударымдардың және медициналық сақтандыруға аударымдардың сомаларын қарап шығуға мүмкіндік береді.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
Бүгін, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді
22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды
22 сәуiр, 14:37
Түркістан: Террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр
22 сәуiр, 14:00
Түркістан полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы пәрменді күрес жүргізеді
18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады