jasqazaq.kz

Шымкент: Қамқорлық пен кәсібилік тоғысқан орта

09 шiлде, 23:51

Шымкенттегі № 8 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының инклюзивті қоғам құрудағы тәжірибесі зор.

Шымкент қаласында ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған әлеуметтік қолдау жүйесі жылдан жылға дамып, жаңарып келеді. Соның жарқын мысалы – «Қамқорлық» №8 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы. Бұл мекеме тек арнаулы қызмет көрсететін мекеме ғана емес, сондай-ақ психоневрологиялық және аутизм диагнозы бар ерекше балалардың үмітін оятып, болашаққа сеніммен жетелейтін мекенге айналып отыр.

Ұжым еңбегі – республикалық мойындау
Орталықтың жұмысы тек жергілікті деңгейде ғана емес, республикалық деңгейде де бағаланды. «Қамқорлық» қоры ұйымдастырған арнайы байқауда №8 орталық «Үздік орталық» атағына ие болып, жүлде қорынан арнайы құрал-жабдықтарға қол жеткізді. Бұл – қызмет алушыларға көрсетілетін көмектің сапасын одан әрі арттыруға зор мүмкіндік береді.
«Қамқорлық» №8 орталығы – көпсалалы, кешенді қызмет көрсететін кәсіби ұйым. Орталықта бүгінгі таңда 135 қызметкер еңбек етеді. Қызметкерлердің кәсіби дамуына ерекше мән берілген. Биылғы жартыжылдықта олардың біліктілігін арттыру мақсатында бірқатар курстар өткізілді. Мұндағы маманды топ – медицина, педагогика, психология және қолданбалы терапия бағытындағы өз саласының үздіктерінен тұрады. Олар әрбір баланың физикалық, психологиялық, әлеуметтік қажеттіліктеріне лайықтап, жан-жақты ем және оңалту бағдарламаларын жүзеге асырады. Сонымен қатар мамандардың кәсіби даярлығы үнемі жетілдіріліп, халықаралық әдістемелерге сай сертификатталған.
Орталық қызметінің тағы бір маңызды бағыты – қоғамдық белсенділік пен қауіпсіздікті сақтау. Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, техникалық және өрт қауіпсіздігі, терроризмге қарсы іс-қимыл бағыттарында тұрақты түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Әдеп кодексінің бұзылу фактілері тіркелмеген.
Сонымен қатар, Орталықтың барлық қызметі «Әлеуметтік қызметтер порталы» және «SOCIUM» платформасы арқылы автоматтандырылып, ашықтық пен тиімділік қамтамасыз етілуде.

 

Балалық шақ – қуаныш пен мерекемен мәнді
Орталықтағы тіршілік тек емдеу мен оңалтудан тұрмайды. Балалар үшін мерекелік күндер, мәдени іс-шаралар мен қуаныш сәттері де маңызды. Жыл басынан бері «1 наурыз – Алғыс айту күні», «8 наурыз – Наурыз мейрамы», «1 Мамыр», «7 және 9 Мамыр», «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» сынды мерекелер жоғары деңгейде ұйымдастырылып, балалармен бірге ата-аналарға да көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

«Қамқорлық» – жай ғана атау емес, нақты нәтиже
Бүгінгі таңда әлеуметтік қорғау жүйесіндегі басты талап – нәтиже мен адами капиталға бағытталған қызмет көрсету. Бұл тұрғыда Шымкент қаласындағы №8 орталықтың жұмыс тәжірибесі – басқа өңірлерге үлгі боларлық. «Қамқорлық» – бұл жай ғана атау емес, нақты нәтиже. Ерекше балаларға ерекше көзқарас танытып отырған бұл мекеме – болашақта инклюзивті қоғам қалыптастыру жолындағы сенімді қадам.

Бибайша Нұржанқызы, 

Шымкент 

 

 

 

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті