jasqazaq.kz

Шымкент: Қамқорлық пен кәсібилік тоғысқан орта

09 шiлде, 23:50

Шымкенттегі № 8 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының инклюзивті қоғам құрудағы тәжірибесі зор.

Шымкент қаласында ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған әлеуметтік қолдау жүйесі жылдан жылға дамып, жаңарып келеді. Соның жарқын мысалы – «Қамқорлық» №8 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы. Бұл мекеме тек арнаулы қызмет көрсететін мекеме ғана емес, сондай-ақ психоневрологиялық және аутизм диагнозы бар ерекше балалардың үмітін оятып, болашаққа сеніммен жетелейтін мекенге айналып отыр.
Орталықта аутизм және аутистік спекторының бұзылыстары бар балаларға түзету-дамыту, қоғамға бейімдеу және әлеуметік оңалту шаралары көрсетіледі. Білікті мамандар сөйлеу тілінің жалпы дамуында бұзылыстары бар балалармен түзету-дамыту жұмыстарын жүргізеді. Мамандардың айтуынша, арнайы педагог мамандардың жеке және топтық жұмыстарының нәтижесінде балалардың визуалды қабылдауы, қарапайым қимыл-қозғалыстары мен дағдыларында оң өзгерістер байқалады. Логопедиялық жұмыстар жүргізу арқылы артикуляциялық аппаратында бұзылыстары бар балалар дыбыстар мен жеке сөздерді анық айта бастаған.
Заманауи үлгіде жабдықталған орталық қосымша білім беру және әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, интерактивті, сенсорлық бөлме, робототехника және лего-бөлмелері, музыка-терапия, арт-терапия бөлмелері мен тігін, ағаш, қыш шеберханаларымен қамтамасыз етілген. Мұнда балалар арнайы педагог мамандарының бақылауында болып, медициналық тексеруден өтеді. Ерекше күтімді қажет ететін балаларға логомассаж тағайындалады.
Орталықта әрбір баланың медициналық жағдайы, диагнозы мен жас ерекшелігі ескеріліп, арнайы медициналық-әлеуметтік тексеру жүргізіледі. Содан соң баланың дамуына бағытталған жеке жұмыс жоспары жасалып, педагогикалық, психологиялық, тұрмыстық және әлеуметтік оңалту шаралары белгіленеді.


2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында орталықтың атқарған жұмысы – әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы озық тәжірибенің көрінісі. Мұнда 150 балаға әлеуметтік стандартқа сәйкес 8 бағыт бойынша кешенді қызмет ұсынылуда. Бұл – ерекше балғындардың қоғамға баулу бағытындағы мемлекеттік қолдаудың тиімді жүзеге асырылып отырғанының айғағы.Әлеуметтік қызметтердің заманауи үлгілерін сараласақ, қазіргі таңда басты назар – әр ерекше балғынның жеке қажеттілігін ескере отырып, қызмет ұсынуға ауысып отыр. Бұл қағида «Қамқорлық» орталығының күнделікті тәжірибесінде нақты жүзеге асырылып жатыр.
Мамандар балаларды топтарға бөліп, күн тәртібі мен сабақ кестесін екі ауысымда жүргізеді. Арнайы педагогтардың көмегімен жеке және топтық сабақтар өтеді. Мұның барлығы балалардың өз әлеуетін барынша ашуға бағытталған.

Оңалту бағытындағы заманауи тәсілдер
Қазіргі таңда әлем бойынша арнаулы қажеттіліктері бар балаларды қоғамға бейімдеудің тиімді әдістерінің бірі – сенсорлық, арт және иппотерапиялық тәсілдер. Бұл жағынан алғанда, №8 орталық аймақтық тәжірибеден әлдеқайда алға шыққан. Биыл мекемеде сенсорлық бөлме, тұз шахтасы, қыш шеберханасы іске қосылды. Қыш бұйымдарын жасау балалардың ұсақ моторикасын дамытып қана қоймай, шығармашылықты арттырады. Сенсорлық бөлмедегі тас терапиясы, жарық пен дыбыс әсерлері балалардың эмоциялық тұрақтылығын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Ал тұз шахтасы тыныс алу жолдарын оңалтуға ықпал етеді.

 

(Жалғасы бар)

Бибайша Нұржанқызы, 

Шымкент

 

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті