Шымкент қаласының геоақпараттық жүйесі іске қосылды

15 шiлде 2023, 14:56

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында биыл қалада геопортал жүйесі іске қосылды. Ашықтықты қамтамасыз ететін бұл жүйе арқылы жер қатынастары, қала құрылысы саласында 16 мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетіледі. «Бір терезе» қағидасы арқылы жұмыс істейтін ақпараттық жүйе қағазбастылықты азайтып, сыбайлас жемқорлықты алдын алады.

Картада қала бойынша жер сауда-саттығы, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандары, қаланың бас жоспары, егжей-тегжейлі жоспары, қызыл сызықтар, шекаралар, құқық бұзушылық картасы, бос жер учаскелері бойынша өзекті ақпараттар орналастырылған. Сонымен қатар, ақпараттық жүйе бойынша 16 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды. Атап айтқанда, сәулет, қала құрылысы саласында — 8, жер қатынастары саласында — 8 мемлекеттік қызмет.

Шымкент қаласының геоақпараттық жүйесіне https://geo-shym.kz сілтемесі арқылы өтуге болады. Өңірлік геоақпараттық жүйесі (ГЕОПортал) арқылы құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламалар қолжетімді болады. Бұл мәселе Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы және «KAZGISA» ЖШС-і қызметкерлерімен өткен дөңгелек үстел кезінде талқалынды.

Қала аумағындағы заңсыз және техникалық атқарушы құжаттарсыз салынып жатқан құрылыс нысандарын оңай анықтау мақсатында құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаларды геопорталға тұрақты енгізу және толтырылған әкімшілік хаттамалардың да енуі бойынша ұсыныстар берілді.

Шымкент қаласының геопорталы пилоттық режимде пайдалануға енгізілген. Бірыңғай платформада қала инфрақұрылымының объектілері туралы ақпарат орталықтандырылған. Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер автоматтандырылып, іске қосылды.

Сондай-ақ шаһар басшысы биыл қаланың 2035 жылға дейінгі даму жоспары жобасының негізгі ережелерін енгізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізуді жүктеген болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кәсіпкерлерге жер учаскелерін жедел әрі ашық бөлудің тиімді тәсілдерін ұйымдастыру бағытындағы жұмыстар да қала әкімінің тікелей назарында.

Мерей Әлімбек

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды