jasqazaq.kz

Шымкент қаласында SportFEST Kazakhstan жобасының іріктеу кезеңдері өтті

06 желтоқсан 2017, 17:18

Оңтүстік Қазақстан облысының құрамалары республикалық спартакиаданың іріктеу кезеңдерінен өтті. Жарыстарға Шымкент қаласы мен 11 ауданнан келген 396 оқушы қатысқан.

Ер балалар арасындағы футзал бойынша Сайрам ауданы үздік атанса, екінші орынға Арыс аяқдопшылары қол жеткізді. Қатысушылардың тиянақты дайындалғанын атап өтпесе болмайды, алаңда нағыз қызу тартысты ойын орын алды. Қола жүлде үшін Шымкент пен Сарыағаш жігіттері таласып, Шымқалалықтар жеңіске жетті.

Ал Түркістандық қыздар өдерін баскетбол ойынынан ерекше көрсете білді. Күміс Төле би ауданында, қола жүлде Отырар ауданының еншісінде.

Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша Арыс ауданы жеңіс тұғырынан көрініп, Түлкібас ауданы үшінші орынды місе тұтты.

Шахмат нәтижелері: 1 орын – Мамытбеков Қанат (Шымкент қаласы), Алтыбай Әсем-ай (Сарыағаш ауданы), 2 орын – Сапар Бекзат (Қазығұрт ауданы), Іңгірбай Ақниет (Шымкент қаласы), 3 орын – Әбдуназаров Мұрат (Мақтарал ауданы), Байдүйсен Аружан (Ордабасы ауданы).

Тоғызқұмалақ: 1 орын — Беркімбаев Жарылқасын (Шымкент қаласы), Байболат Гүлнара (Отырар ауданы), 2 орын – Қалыбек Дастан (Төле би), Молдыбай Гүлнара (Түркістан ауданы), 3 орын – Әбдіхан Дастан (Отырар ауданы), Бөгенбай Айдана (Шымкент қаласы).

Үстел теннисі: 1 орын — Базарбай Несібелі, Үсіпбаев Жанболат (Шымкент қаласы), 2 орын – Ахмет Ақниет (Отырар ауданы), Әубакір Бағдаулет (Түркістан қаласы), 3 орын – Қалдарбеков Мәди (Отырар ауданы), Юсуфжанова Чарос (Сайрам ауданы).

Естеріңізге салып өтейік, спартакиаданың іріктеу кезеңдері еліміздің барлық өңірлерінде өткізіледі. SportFEST Kazakhstan тобы Астана, Көкшетау, Қарағанды мен Қызылорда қалаларында болып қайтты, ендігі кезекте Батыс Қазақстан өңірі.

Жеңімпаздар 2018 жылдың жазында Балдәурен ойын-сауық кешенінде өтетін ақтық мәреге қатысады.

Іс-шаралар барысындағы суреттер мен толық ақпаратты sportfest.kz сайтынан көруге болады.

30 шiлде, 18:26
Сырым Ертаев: Шетелде біздің табиғи етке сұраныс мол
30 шiлде, 15:30
Таяу Шығысқа тұрақтылық қажет
30 шiлде, 14:51
Сарыағашта мүгедектігі бар азаматтарды оңалту бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда
30 шiлде, 13:54
Түлкібас ауданында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін көмектер мен қолдау тетіктері
30 шiлде, 13:52
Қамқор қоғам – берекелі болашақтың кепілі
30 шiлде, 13:51
Әлеуметтік әділеттілік – басты басымдық
30 шiлде, 7:45
KPI – отандық өнім өндірудің озық үлгісі
29 шiлде, 19:18
Аралдық кәсіпкер қайықтың төрт моделін жасап, сатылымға шығарды
29 шiлде, 18:29
Аягөз-Бақты: Логистика өңірдің өркендеуіне серпін береді