jasqazaq.kz

Шымкент қаласында өздігінен жүре алмайтын 18 ерекше бала алғашқы қадамын басты

09 шiлде 2025, 23:38

Жуырда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Вильгельмовна Шегай жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді.

Осы сапары аясында вице-министр «Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен мүгедектігі бар балаларға үй жағдайында оңалту үшін уақытша пайдалануға берілген техникалық құрылғылардың оң нәтижесін көрсеткен балалардың тұсаукесер іс-шарасына қатысты.

Іс-шараға сондай-ақ «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева, «Әлеуметтік қорғау саласын дамыту ұлттық ғылыми орталығының» бас директоры Қанат Тезекбаев, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Руслан Тұңғышбаев, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Өткен жылдың тамыз айынан бастап Шымкент қаласында, Абай, Қызылорда және Павлодар облыстарында «QH Мүгедектігі бар балаларды үйде оңалту» пилоттық жобасы аясында инновациялық техникалық оңалту құралдары беріле бастаған еді.

«Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен Ұлыбританияда өндірілген құрылғылар елімізге жеткізілді. Шымкент қаласына 202 құрылғы әкелініп, олардың 152-сі тірек-қимыл аппараты бұзылған 18 жасқа дейінгі балаларға таратылды.

Инновациялық оңалту құрылғыларын қолдану үшін 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалардың «жеке оңалту парағында» тиісті құрылғы қажеттігі көрсетілген.

Ерекше балалардың аналары арнайы оқу курсынан өтіп, құрылғыны дұрыс пайдалануды меңгерген соң, оны уақытша үй жағдайында қолдануға алған.

Он айдың ішінде 84 балада оң өзгерістер байқалды. Оның ішінде 4 бала толығымен сауығып, 18 бала аяғынан тұрып, алғашқы қадамын басты.

Вице-министр Виктория Шегай мен басқа да мәртебелі меймандар балалардың тұсауын кесіп, оларды алғашқы қадамымен құттықтады.

Балаларының өздігінен жүре бастағанына куә болған ата-аналардың қуанышында шек жоқ. Олар Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қорына ризашылығын білдірді.

Бибайша Нұржанқызы,

Шымкент

 

27 наурыз, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету