jasqazaq.kz

Шымкент: «Кездесуге қадам» фестивалі өтті

17 қазан 2022, 15:02

Бүгін ерекше жандар үшін ерекше фестиваль ұйымдастырылды. Көрме орталығында ерекше қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Кездесуге қадам» күзгі шығармашылық фестиваліне Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш. Мұқан қатысып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

–Ерекше жандардың қолынан шыққан туындыларды көріп, ерекше әсер алдым.«Балалар жылында» айтулы шығармашылық фестиваль ұйымдастырылып отырғанына қуаныштымын. Шығармашылық пен ізденіс балалардың дүниетанымын жан-жақты дамытуда үлкен рөл атқарады.«Кездесуге қадам» жасап, ұйымдастырып отырған қоғамдық ұйымдарға, атсалысқан білім ұйымдарына, ата-аналарға алғыс білдіремін. Шымкент қаласының әкімдігі әрдайым Сіздердің бастамаларыңызды қолдайды, — деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен және «ARMAN ALANI» Қазақстан коалициясының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты арнайы ұйымдар, кәсіптік колледждер мен инклюзивті сыныптар атсалысты. Ә.Қастеев атындағы өнер колледжі мен Шымкент қалалық жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің студенттер өздерінің қолөнер бұйымдарын қайырымдылық көрмесіне қойып, ерекше балалар үшін шеберлік сағатын жүргізді. Бірі сыршырай жанрында қылқаламмен сурет бояса, бірі ермексазбен түрлі ертегі кейіпкерлерінің мүсінін жасады. Ал, Оқушылар сарайы мен Саз колледжінің шәкірттері қазақтың көркем күйін шертіп, әсем әннен шашу шашты. Сондай, ақ, танымал киім дизайнерлері ұлттық киімдер мен салтанатты киімдердің дефилесін өткізді.

– Фестиваль Шымкент қаласы әкімдігінің, Азаматтық Альянс, Шымкент қалалық іскер әйелдер кеңесінің қолдауымен ұйымдастырылды. «АРДА», «JanBota», «Рахмет саған, Анашым», « I am Bala», «Bambini» оңалту орталықтарынан 150-ден астам бала келді. Алдағы уақытта бұл фестиваль жыл сайвн дәстүрлі түрде өткізетін боламыз. Қолөнер шеберлері мен колледж студенттері өз бұйымдарын қайырымдылық мақсатында сатылымға шығарды.Одан түскен қаржы ерекше балалардың қажеттілігіне, еміне жұмсалмақ,- деді А.Қарабеков атындағы оңалту орталығының директоры Ф.Бакибаева.

Айта кетейік, Шымкентте 143 мектепте ерекше қажеттілігі бар балалар үшін жағдай жасалған. Қаланың 88 жалпы білім беретін мектепте 829 бала инклюзивті білім алса, 9 мектепте ашылған 59 арнайы сыныпта 471 оқушы оқиды. Сондай-ақ, қалада 5 арнайы мектеп-интернат жұмыс істейді.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті