jasqazaq.kz

Шымкент: Ерекше қажеттілігі бар балалар арасында ARM BACK жарысы өтті

07 шiлде, 15:34

Ерекше қажеттілігі бар балалардың қатарластарынан қалмай, толыққанды өмір сүруі үшін түрлі іс-шаралар, семинар-тренинг, жарыстар өткізілуі керек.

Осыны ескеріп, Шымкент қаласындағы Наурыз алаңында ерекше қажеттілігі бар балалар арасында ARM BACK жарысы ұйымдастырылды. Іс-шара балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, өз күшіне деген сенімділігін нығайту және олардың қоғамдағы белсенділігін қолдау мақсатын көздеді.
ARM BACK — бейімделген армрестлинг түріндегі жарыс. Оған қатысушылар арнайы жағдайларда өзара күш сынасады.

Еске түсірсек, 2022 жылы Қазақстан Халық қорының қолдауымен еліміздің 11 қаласында «Жас жауынгер» бейімдеу спорт орталықтары ашылған болатын. Бүгінде еліміздің әр түкпіріндегі ерекше балалар спортқа белсене араласып, үлкен жетістіктерге жетуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауының арқасында бұл бағыттағы жұмыстар кең көлемде атқарылуда. Балалар тек спортта ғана емес, түрлі өнер сайыстарында да өз мүмкіндіктерін көрсетіп, дені сау балалармен тең дәрежеде бәсекеге түседі.

ARM BACK сайысы өткен жылдан бастап қолға алынды. Бұл спорт түрі елімізде паралимпиадалық спорт түрлерінің қатарында жоқ. Ұйымдастырушылар «ARM BACK» спортын Паралимпиада ойындарына ресми түрде енгізіп, Қазақстанның атынан әлемге жаңа тарих жазуды мақсат етіп отыр.

«Жас жауынгер» бейімдеу спорт орталығының негізін қалаушысы Садық Байымбетов: «Бұл спорт түрі тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемдегі ерекше балаларға арналған. Мақсатымыз – осы балаларды біріктіріп, алдағы уақытта Олимпиада, Азия және Әлем чемпионаттарын өткізу. Былтыр екі дүркін ел чемпионы Семей қаласы болды. Бүгін үшінші мәрте ел чемпионын анықтаймыз. Бүгінгі жарысқа жүзге жуық бала қатысып отыр. Олар — өз өңірлерінде, қалаларында іріктеуден өткен чемпиондар. Әр салмақта 15-20 бала бақ сынаған. Солардың ішінен тек бір жеңімпаз ғана ел біріншілігіне жолдама алады», — деп атап өтті

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Спорт шеберіне үміткер» атағын алуға заңды түрде мүмкіндік алады. Сонымен қатар, арнайы дипломдар мен медальдар табысталады.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр
17 желтоқсан, 13:59
Мерей Оңғаров: Алматыны газдандыру 100 пайызға жақындады
16 желтоқсан, 14:00
Алматы: Жылу жүйесі қыс маусымына дайын
15 желтоқсан, 14:01
Алматының индустриалдық аймағы – даму драйвері
12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы