Шымкент: Бозарық саяжайындағы үш шақырым жолға асфальт төселуде

17 шiлде 2023, 10:14

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз Жолдауында автожол құрылысына, соның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керек екенін айтып өткен болатын. «Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім. Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын. Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек», деген.

Шымкент қаласында соңғы 5 жылда ұзындығы 900 шақырымнан астам асфальтталған жол салынып, қаланың орталық бөлігіндегі ірі жолайрық пайдалануға берілді. Биылғы жылы қалаға кіреберістегі басты магистралды жолдағы жолайрықтың құрылысы, қаланың Солтүстігі мен Оңтүстігін байланыстыратын магистралды жолдың, қаланың транзиттік әлеуетін арттыратын Бәйдібек би-Арғынбеков жолайрығы, Оңтүстік және Шығыс айналма жолдары, Қонаев даңғылының 3-ші кезеңін, А-2 автомобиль жолының 2-ші кезеңін, Өтегенов көшесінің жалғасын, Темірлан тас жолы және А-2 автомобиль жолындағы үш жаяу жүргіншілер өткелдерін пайдалануға беру көзделіп отыр. Нәтижесінде мегаполисте жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесін 2018 жылғы 54 пайыздан биыл 71 пайызға жеткізу көзделуде.

Сонымен қатар, Қаратау ауданындағы Бозарық саяжайының бірқатар көшесіне асфальт төселуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Қалқаман, Мамыр, Құдірет көшелеріндегі асфальттеу жұмыстарын пысықтады. Асфальтбетон жабындысы төселетін жолдың ұзындығы 3 шақырымды құрайды.

Жыл соңына дейін жалпы ұзындығы 11,4 шақырымды құрайтын 17 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Асфальттеу жұмыстары Егемен Қазақстан, ПК Асар, Наркеткен, Саяжай, Алмасқылыш, Балқадиша, Айқаракөз, Өскен өнір, Ерлік тау, Көрімдік, Сұлутау, Буғынай. Шидерті, Арғанаты, Бурма көшелерінде атқарылады.

Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылысты өндірістік кестеге сай жүргізіп, сапасыз жұмысқа жол бермеудің алдын алу бойынша бірқатар тапсырма жүктеді. Көшелерді жол қозғалысына қолайлы етіп, қауіпсізді қамтамасыз етуді ескертті. Биыл жалпы қаладағы жол жабындысы жағдайын жақсарту мақсатында 243 нысан яғни, 297 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Мерей Әлімбек

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды