Шымкент: Биыл ауыл шаруашылығы саласында 18 жоба іске асырылады

22 шiлде 2023, 12:21

Шымкентте биыл 26,8 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліпті. Оның ішінде дәнді, майлы дақылдар, көкөніс пен бақша, картоп пен малға азық дақылдар бар. Өнімділікті арттыру мақсатын­да биыл мемлекеттен қолдау шаралары қарастырылып, соның аясында 143 млн теңге қаралып, оның 122 млн теңгесі минералды тыңайтқыштарды субсидиялау бағдарламасына, 20 млн теңгесі тұқым шаруашылығын қолдауға, қалғаны пестицидтер мен био­агенттердің шығындарын өтеуге бағытталған.

Бүгінгі таңда еліміздің агросектор саласындағы саясаттың бірі – ұсақ шаруашылықтарды біріктіру арқылы өнімділікті арттыру. Осыған байланысты кластерлік жобаларды жүзеге асыру мәселесін басқарма тарапы былтырдан бастап қолға ала бастады. Соның шеңберінде 15-тен аса тақырыпқа орай семинарлар, шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Қалада суармалы жер көлемі шектеулі. Осыған орай суды аз тұтынатын, бірақ мол өнім беретін дақылдарға басымдық берілді.

Басқарма осындай табысы мол ауыл шаруашылығы өнімдерін көбірек егуге шаруаларды бағыттап отырады. Соның бірі құлпынай өсіруді айтуға болады. Одан кейін салатқа керекті түрлі өсімдіктер бар. Омарта, балық және етті, сүтті бағыттағы мал шаруашылықтарын қоса кетуге болады. Сондықтан кластерлік жобалар бойынша басқарма тиісті оқыту іс-шараларын жүргізіпті.

Оқуға ниет білдірген шаруалармен әкімдік тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр. Мұнда негізінен ұсақ шаруашылықтарды біріктіріп, өндірісті орталықтандыру, сол арқылы қайта өңдеуші кәсіпорындардың жүктемесін арттыру әрі ет пен сүт өнімдерін көбейтіп, оларды әлеуметтік дүкендерге өткізудің мақсаты жатыр. Осыған орай қалада орналасқан Түркістан аграрлық көпсалалы колледжімен келісім жасалып, олар ауыл шаруашылығына қажетті мамандарды даярлауға уәде берді.

Өз кезегінде 2023 жылдың 6 айында мал шаруашылығы саласында біршама өсім байқалыпты. Мәселен, ірі қара мал саны бүгінде 67,3 мың бас, қой мен ешкі- 80,7 мың, жылқы 10,8 мың, құс 807,6 мың басқа жетіп, өнімділік 6 пайызға артқан. Нәтижесінде 4,5 мың тонна ет, 31,3 мың тонна сүт, 118,1 млн дана жұмыртқа өндірілген. Осынау межені әрі қарай дамыту үшін басқарма биыл 16 млрд теңгені құрайтын 18 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Яғни шаһарда биыл қосымша сүт фермасы, мал бордақылау алаңдары, жылыжай кешендері, көкөніс, жеміс пен сүтті қайта өңдейтін кәсіпорындар ашылатын болады.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды