ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында еліміздің қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-даму қорытындысы барысында Шымкентте барлық сала бойынша оң динамика сақталғанын айтап өтті.
Атап айтқанда, өнеркәсіп өнім көлемі 583,2 млрд.теңге жетіп, нақты көлем индексі 107,1 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 108,7 пайыз болып отыр. Инвестиция көлемі 276,2 млрд.теңге болып, 31,1 пайызға артты.
Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен 68,9 млрд.теңге, жеке көздерден 207,3 млрд.теңге. Құрылыс жұмыстарының көлемі 91,7 млрд.теңге немесе 118,5 пайызды құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 426,8 мың шаршы метр немесе 123,0 пайыз болды. Жалпы сауда көлемі 1 140,1 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 11,4 пайызға артты. Оның ішінде, бөлшек сауда 355,4 млрд.теңге, нақты көлем индексі 112,4 пайыз, көтерме сауда 777,1 млрд. теңге, 110,7 пайыз.
Байланыс қызметі 5 427,6 млн. теңгені немесе 4,5 пайызға артты. Цифрландыру бағытында да көрсеткіш жоғары. Шымкент қаласы бұл бойынша республикада Нұр-Сұлтан, Алматыдан кейінгі үшінші орында.
Айта кетсек, Шымкент қаласында биылғы жылдың алғашқы 7 айында экономиканың барлық негізгі салаларында өсім байқалып отыр.
Атап айтқанда, қала экономикасына тартылған тікелей инвестицияның мөлшері жылдан жылға артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы 7 айының қортындысы бойынша Шымкент қаласының экономикасына 219,1 млрд. теңге инвестиция құйылған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 28,6 пайызға артқанын байқауға болады. Инвестицияның басым бөлігі жеке инвесторлардың қаржысы екенін атап өткен жөн. Нақтырақ айтар болсақ, мемлекеттік бюджеттен 52,6 млрд. теңге, ал, жеке көздерден 166,5 млрд. теңге инвестиция тартылып отыр.
Ресми деректерге сүйенетін болсақ, инвестицияның үлкен бөлігі негізінен 2 салаға бағытталып отыр екен. Олар – өнеркәсіп және құрылыс салалары. Соның нәтижесінде қос салада да қарқынды даму байқалып отыр. Мәселен, биылғы жылдың алғашқы 7 айында Шымкенттегі өндіріс орындары 507,5 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімін өндірген. Нақты көлем индексі 108,4 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі 109,6 пайыз болып отыр. Яғни, өсім 9,6 пайызға тең.
Тоқтар Жақаш