Шымкент: Азық-түлік бағасын тұрақтандыруға 8,7 млрд теңге бөлінген

24 шiлде 2023, 10:32

Шымкент қаласында өз кезегінде мал шаруашылығы саласында оң өсім байқалады. 2023 жылдың 6 айында ірі қара мал саны 67,3 мың бас, қой мен ешкі- 80,7 мың, жылқы 10,8 мың, құс 807,6 мың басқа жетіп, өнімділік 6 пайызға артқан. Нәтижесінде 4,5 мың тонна ет, 31,3 мың тонна сүт, 118,1 млн дана жұмыртқа өндірілген. Ал, мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі 17,2 млрд. теңгені құрапты. Осы жетістікті әрі қарай дамыту үшін басқарма тарапынан биыл 16 млрд теңгені құрайтын 18 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Яғни, қалада биыл 2 жылыжай, 4 көкөніс қоймасы, бір құс фермасы мен мал бордақылау алаңы, 2 сүт ферма мен 1 жем өндіретін цех, 3 сүт өңдейтін жоба мен 3 көкөністі қайта өңдейтін кәсіпорын ашылмақ. Бүгінге дейін оның үшеуі ашылып, іске қосылған.

Бүгінде қала халқын азық-түлік тапшылығын болдырмау және баға қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тұрақтандыру қорына 8,7 млрд теңге қаржы бөлінген. Тиісті министрлік тарапынан бекітілген ережеге сәйкес, қаражаттың 70 пайызы тауар өндірушілерге, қалған 30 пайызы сауда желілерін қолдауға жұмсалады. Бүгінгі таңда, көкөніс өнімдерін сататын 100 жылжымалы әлеуметтік сауда орындары белгіленіп, орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

–Ондай кәсіпорындарға ұн, жұмыртқа, нан, сиыр мен тауық еті, картоп, сәбіз, қырыққабат өндіретін мекемелер жатады. Сонымен бірге, «Грамад» пен «Магнум» сауда желілеріне 0,1 пайызбен айналым қаражаты берілді. Нәтижесінде қазір қала аумағында 200-ден астам сауда орнындағы әлеуметтік сөрелерде 19 түрлі азық-түлік өнімдері арзан бағада сатылып жатыр. Биылғы жылдың соңына дейін әлеуметтік сауда орындарының саны 300-ге жеткізілетін болады, – дейді басқарма басшысы.

Әкімдік тарапынан әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қымбаттауын болдырмау және делдалдардың қызметін реттейтін арнайы комиссия құрылған. Арнайы топ бүгінге дейін 50-ге жуық жиын өткізіпті. Оның құрамында әкімдік мүшелері, бәсекелестікті қорғау секілді құзырлы органдар мен департамент өкілдері бар. Жұмысшы топ сауда орындарында тауар үстіне қоятын құнды тым қымбаттатып жібермеуін қадағалайды. Олар үй маңындағы, базарлар мен дүкендер, сауда нүктелерінде бағаның негізсіз өсіруін болдырмауды бақылайды.

Айта кетсек, қаланың ауыл шаруашылығы саласында атқаратын тағы бір міндетінің бірі – ұсақ шарушылықты біріктіру арқылы өнімділік көрсеткішін арттыру. Өткен жылдан бастап шаһарда кластерлі жобаларды қолға алу мәселесі қаралған. Басқарма басшысы қаладағы 5 аудандағы шаруалармен кездесіп, түсіндіру жұмысын жүргізгеннен кейін жыл басынан бері 62 кластерлік жоба іске асырылған. Жыл соңына дейін мұндай жоба санын 92 -ге жеткізу мақсаты тұр.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды