Шымкент: Ауыл шаруашылығы саласында 62 кластерлік жоба жүзеге асты

24 шiлде 2023, 10:30

Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына қойылған тағы бір міндет – әлеуметтік маңызы бар ауыл шаруашылығы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сонымен қоса, азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін алдын ала шараларды жүргізеді. Ресми статистикаға сүйенсек, Шымкент халқы жылына әлеуметтік маңызы бар 500 мың тонна азық-түлік тұтынады. Елімізде әлеуметтік азық-түлік ретінде 19 тауар белгіленген. Оларға ұн, нан өнімдері, дәнді дақылдары, сүт өнімдері, өсімдік майы, қант тағы басқалар кіреді. Оның ішінде, шаһардың өзі ұн, макарон өнімдері, күнбағыс майы мен тауық жұмыртқасын толық өзі өндірсе, ал сүт өнімдерін, құс және сиыр етінің, көкөністің жартысына жуығын ғана қамти алады. Қант, күріш, тұз бен қарақұмық секілді жармалар Түркістан мен өзге өңірлерден әкелінген. Арасында көрші елдің тауары да дүкен сөрелерінен табылып тұр. Басқарма басшысы мұны нарық заңдылығы деп түсіндірді.

Қала аумағында жалпы, 27 мың гектар жер болса, биыл оның 26,8 мың гектарына ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Оның ішінде 10,9 мың гектарға дәнді-дақыл, 3,4 мың гектарына майлы дақыл, 3,0 мың гектарға көкөніс және бақша өнімі, 0,5 мың гектарға картоп және 9,0 мың гектарға мал азықтық дақылы бар. Осы егістік алқапта көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін жеңілдетілген бағамен 500 тонна жанар-жағармай қарастырылып, 28 шаруа қожалыққа 360 тонна жанар-жағармай үлестіріліпті.

Қаланың ауыл шаруашылығы саласында атқаратын тағы бір міндетінің бірі – ұсақ шарушылықты біріктіру арқылы өнімділік көрсеткішін арттыру. Өткен жылдан бастап шаһарда кластерлі жобаларды қолға алу мәселесі қаралған. Басқарма басшысы қаладағы 5 аудандағы шаруалармен кездесіп, түсіндіру жұмысын жүргізгеннен кейін жыл басынан бері 62 кластерлік жоба іске асырылған. Жыл соңына дейін мұндай жоба санын 92 -ге жеткізу мақсаты тұр.

–Шаруалармен кездесу барысында қала аумағында суармалы жердің шектелуіне байланысты суды аз тұтынатын, бірақ, мол өнім беретін дақылдарды егуді ұсындық. Бұл жөнінде мамандармен бірлесе 15 семинар-тренинг өткіздік. Осындай семинарлар аясында құлпынай шаруашылығы, салатқа қажетті өсімдіктерді өсіру, омарта, балық және сүтті бағыттағы мал шаруашылығын дамыту жөнінде кеңестер болды, – дейді басқарма басшысы Ә.Жанбатыров.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды