Шымкент: Ауыл шаруашылығы саласында 17 жобаға қолдау көрсетілді

16 шiлде 2023, 11:10

Шымкент — Қазақстанның республикалық маңызы бар қала қатарында болғанымен өзіндік агро-белдеуі бар ерекше аймақ. Биыл қалада мал шаруашылығы өнімдері бағыты бойынша 17 жобаға 428 280 мың теңге несие беріліпті. Бұл туралы қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров мәлімдеді.

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мал шаруашылығын қолдау мақсатында, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Шымкент қаласы бойынша филиалы 17 жобаға 428 280 мың теңге жеңілдетілген несие қаражатын берді. Сонымен қатар, бүгінгі таңда кәсіпкерлерге бірнеше бағытта қаржылық қолдау көрсетіліп отыр. Биыл Шымкент қаласы филиалы бойынша ауыл шаруашылығын дамытуға 12,2 миллиард теңге бөлінсе, оның 10,3 миллиард теңгесі игерілді, қалғаны жоспар бойынша жыл соңына дейін игерілмек.

Жалпы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ тарапынан қолдаудың негізгі бағыттары: несиелік серіктестіктерді және лизингтік компанияларды қаржыландыру, тікелей несиелеу, оның ішінде шағын несие беру, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелендіру, сондай-ақ инвестиция тартуды іске асырады. Кәсіпкерлердің қазіргі мәселесі ауылдағы кепіл мүліктің төмен бағалануы болатын. Соны ескере отырып арнайы платформа жасақталды. Нәтижесінде мүлік бағасы 30 пайызға артып отыр. Енді шаруалардың несие алу сомасы да көбейіпті.

Айта кетейік, көктемгі дала жұмыстарына жеңілдетілген бағамен 500 тонна жанар — жағармай қарастырылған. Қазіргі уақытта, операторлар мұнай өңдеуші зауыттан тиісті жанар-жағармай көлемін алып, оның 360 тоннасын шаруалардың қажеттіліктеріне байланысты үлестірді. Ал жақында ғана басталған «Жастар» несиелеу бағдарламасына 26 үміткер қатысып,19-ы комиссияға ұсынылған.

Мерей Әлімбек

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды