jasqazaq.kz

Шымкент: Асар-2 инфрақұрылыммен қамтылуда

15 қыркүйек 2022, 10:01

Қала әкімі сала басшыларына абоненттеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыруды жүктеді.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Асар-2» шағынауданындағы су, газ және кәріз жүйелерінің құрылыс барысын аралап көрді.15 мыңнан астам халқы бар шағын ауданда инженерлік жүйелерге қатысты мәселелер оң шешімін тауып келеді. Қазіргі кезде ауыз су жүйелерін салу жұмыстары ІІ кезеңмен жүзеге асуда.

Нысан құрылысы былтыр аяқталса, биыл екінші кезеңмен екі аумақта абоненттеу жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс толық аяқталғаннан кейін тұрақты түрде сапалы ауыз су берілетін болады. Қала әкімі сала басшыларына абоненттеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыруды жүктеді.

Бұдан бөлек, шағын аудан 39,6 шақырымды құрайтын кәріз жүйелерінің құрылысы жүруде, жұмыстың 55%-ы атқарылды.
Ал газ тарту жұмыстарының 50%-ы орындалып, 1 аумақтың құрылысы толығымен аяқталды.

Қаладағы 81 елді-мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Ал қалған Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ тұрғын алабына ауыз су кестемен беріледі. 2022 жылы 4 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 98%-дан, 99%-ға өседі деп күтілуде.

Сондай-ақ, Сайрам елді мекенін сапалы ауыз сумен қамту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады. Алдағы жылдың жоспары бойынша 3 магистралды суаққы салынып, қолданысқа берледі. Құрылыс толық аяқталғаннан кейін тұрақты түрде сапалы ауыз су берілетін болады. Қала әкімі сала басшыларына абоненттеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыруды жүктеді.

Бұдан бөлек, шағын аудан 39,6 шақырымды құрайтын кәріз жүйелерінің құрылысы жүруде, жұмыстың 55%-ы атқарылды. Ал газ тарту жұмыстарының 50%-ы орындалып, 1 аумақтың құрылысы толығымен аяқталды. Айта кетейік, табиғи газбен қамту қаладағы кезек күттірмейтін мәселенің бірі. Осы ретте биыл табиғи газбен қамту бойынша 1 магистралды желі, 15 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде табиғи газбен қамту көрсеткіші 93%-дан, 94,7%-ға дейін көтеріледі.

2023-2025 жылдары аралығында қаланың даму жоспарына сәйкес, жартылай қамтылған 17 елді мекенде және мүлдем қамтылмаған 3 елді мекенде табиғи газ жүйелерінің құрылысы салынып, қала тұрғындары, басқада нысандар 100% табиғи газбен қамтылады.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады