jasqazaq.kz

Шымкент ардагерлері спорттық сайыста бақ сынасты

17 қазан 2022, 14:55

Шымкент қаласында ардагерлер арасында спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауындағы денсаулық сақтауды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы: салауатты өмір салты мен адам капиталын дамытуға басымдық берілмек.

Осыған орай, 25 — қазан Республика күні қарсаңында Шымкент қаласында ардагерлер арасында салауатты өмір салтын ұстану мақсатында денешынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен үстел тенисі, дойбы, шахмат, бильярдтан спорттық жарыс ұйымдастырылды.

Жарысқа 50-ден астам ардагерлер қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша барлық қатысушылар мен жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Қазір Шымкент қаласында зейнеткерлер саны – 84 844, оның ішінде ҰОС ардагерлер саны – 5, тыл еңбеккерлері – 2 390.

Айта кетейік, Шымкент қаласында 1 қазан – халықаралық қарттар күні қарсаңында зейнет жастағы азаматтарды сауықтыруға арналған тағы бір «Белсенді ұзақ өмір» атты орталық ашылды.

Жалпы қалада «Белсенді ұзақ өмір» орталығының әр ауданда бөлімшелері ашылып, зейнет жасқа жеткен азаматтарға 4 сағатқа дейінгі екі ауысымда ақысыз арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, жалғызілікті зейнеткерлерге арналған 3 мезгіл ыстық тамағы қосылған 8 сағаттық жартылай станционар да жұмыс істейді. Биыл зейнет жасындағы азаматтарды санаторлық емдеумен қамтамасыз ету мақсатында 9 238 ардагерге қарастырылып, қазіргі таңға дейін 3 санаторлық емдеу орындарымен (Шымкент қаласының «Денсаулық» шипажайы, Түлкібас ауданының «Ақсу-Жабағылы» және Тараз қаласының «Айша бибі» курорттарымен) келісім шарттар түзілген.

Тамыз айының қорытындысы бойынша 2 040 зейнеткерге жолдама беріліп, санаторлық-курорттық емдеуге жолданған.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті