Шымкент: Алтынтөбе тұрғын алабында жол мәселесі келесі жылы толық шешімін табады

12 шiлде 2023, 15:54

Жол құрылысы бүгінде мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында еліміздегі автожолдардың ахуалына және алдағы атқарылатын тірліктерді Үкіметке жүктеген еді. «Автожол құрылысына, соның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керек. Бюджеттен қыруар қаржы бөлінсе де, бұл мәселе әлі шешімін таппай отыр. Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім», деді Президент.

Қ.Тоқаевтың тапсырмасының жол құрылысы жайлы тапсырмасын Шымкент қаласында қызу жүріп жатыр десек болады. Қала әкімдігі таратқан ақпарат бойынша, Абай ауданына қарасты Алтынтөбе тұрғын алабының даму жоспарына сәйкес Сатқанбаев және Ырсымбетов көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары басталды. Қала әкімі М.Әйтенов нысандарда болып, құрылыс қарқынын тексеріпті.

Жобаға сәйкес асфальт -бетон жабындысы төселетін жолдың ұзындығы 1,4 шақырымды құрайды. М. Дүйсенбекұлы жұмыстарды сапалы жүргізіп, өндірістік кестеге сай шілде айының соңына дейін аяқтауды тапсырды. Жалпы, қаламыздың жол инфрақұрылымын дамытып жақсы және қанағаттанарлық жағдайын жақсарту мақсатында 2021-2025 жылдарға іс-шара жоспары бекітілген. Бұл жұмыстар аталған жоспар аясында іске асырылуда. Аталған аумақтағы 11 көшенің 6-ы асфальттелген болса, 5-не шағал тас төселген.

Келесі жылы елдімекендегі Жастар, Бердібай, Өтебаев көшелерін асфальттеу жоспарлануда. Осылайша 2024 жылы тұрғын алаптың жол мәселесі түбегейлі шешімін табатын болады. Бас жоспарға сәйкес, қала орталығынан шалғай орналасқан шағын аудандар мен тұрғын алаптардың ішкі орам көшелеріне басымдық берілген. Еске сала кетсек, Шымкентте биыл жалпы жол жабындысы жағдайын жақсарту мақсатында 300-ге жуық көше орташа жөндеуден өтіп жатыр. Құрылыс жұмыстары 202,6 шақырымға жүргізіледі. Қазір қала аумағындағы 26 көшеге асфальт төселуде. Асфальттеу жұмыстары Агропром шағынауданындағы Алтынтөбе, Құрсай шағынауданындағы Бекболатов және №1,2,3,4,5,6 көшелерде, Айнатас тұрғын алабында Шоқтас және Боғылысай, Асар-2 шағынауданында Күншоғыр және №1,2,3 көшелерде, Ақжайық шағынауданында Шұбарсу, Сәдуақасов, Алпысбаев көшелерінде, Қызылжар шағынауданында Маралды көшесінде, Орманшы тұрғын алабындағы Алатау және Қажымұқан, 1,2 көшелерде, Базарқақпа тұрғын алабында Алай көшесінде аяқталды. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін жоспарға енгізілген барлық көшеде жалғасады. Нәтижесінде мегаполис жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 71,2 пайызға жетеді.

Мерей Әлімбек

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды