Шымкент: Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің тұрақтылығы қатаң бақылауда

22 шiлде 2023, 12:25

Азық-түлікпен қамтамасыз етудің бірден-бір тетігі – тұрақтандыру қоры. Оған 8,7 млрд теңге қаражат бөлініпті. Тиісті министрліктер тарапынан ережеге өзгертулер енгізуіне байланысты қаражаттың 70 пайызы тауар өндірулерді, қалған 30 пайызы сауда желілерін қолдауға жұмсалады. Осыған сәйкес басқарма жергілікті өнім өндірушілерді 0,1 пайыз үстемеақымен қаржыландырып, бағаларды алдын ала бекітіп алды. Ондай кәсіпорындарға ұн, жұмыртқа, нан, сиыр, тауық етін, картоп пен сәбіз, пияз, қырыққабат көкөністерін өндіретін мекемелер жатады.

Сонымен бірге Грамад пен Магнум сауда желілеріне де 0,1 пайызбен айналым қаражаты беріліпті. Соның нәтижесінде бүгінде қала аумағындағы 200-ден астам сауда орнында орналасқан әлеуметтік сөрелерде 19 түрлі азық-түлік өнімдері арзан бағамен сатылып жатыр.

Халықты маусымаралық кезеңде және ерте пісетін көкөністермен дер кезінде қамтамасыз етіп отыру үшін басқарма шаруа қожалықтарымен 1600 тонна картоп, 1100 тонна сәбіз, 1000 тонна пияз және 1100 тонна қырыққабатқа форвордтық келісімшарт жасасыпты. Түркістан облысындағы «Ақорда» серіктестігімен де 100 тонна қырыққабат бойынша осындай келісімге келіпті. Негізінде баға өсімі өнімдердің ерте пісетін уақыты мен былтырғы сақталған қордың таусылған шағында орын алады. Осындай кезеңде бағаның өсіміне жол бермеу үшін форвордтық келісімдер түзіледі. Бұдан бөлек Өзбекстан мен Тәжікстаннан да өнімдер жеткізу бойынша келісім жасалған.

Өз кезегінде әкімдік тарапынан әлеуметтік маңызы бар тауарлардың негізсіз қымбаттап кетуін болдырмау мақсатында және делдалдардың қызметін реттейтін арнайы комиссия құрылған. Мониторингтік топ қырықтан астам жиын өткізіпті. Комиссия құрамына әкімдік мүшелері, бәсекелестікті қорғау секілді тиісті құзырлы органдар мен департамент өкілдері кірген. Қала әкімінің орынбасары комиссияға төрағалық етеді.

Жұмысшы топ алыпсатарлардың тауар үстіне қоятын құнды тым көбейтіп жібермеуін қадағалайды. Сондай-ақ үй маңындағы, базарлардағы дүкендер мен сауда нүктелерінде бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу жағын бақылауларына алады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қымбаттауын болдырмаудың бір бағыты ретінде қала аумағының іргесінде орналасқан сауда-логистикалық орталығы құрылысының екінші және үшінші кезеңі жүзеге асырылып жатыр. Онда 22 жобаға сай инвесторлар азық-түлік өнімдерін сақтауға ниет білдіріп отыр. Соның ішінде 3 инвестор жұмысын бастап кетіпті. Арасында жобалық-сметалық құжаттары енді дайындалып жатқан жобалар да бар.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды