jasqazaq.kz

Шымкент әкімдігі: Бадам өзені жағалауындағы жағдай тұрақты және су тасу қаупі жоқ

16 ақпан, 9:59

Шымкент әкімдігі Бадам өзені жағалауындағы жағдай тұрақты және су тасу қаупі жоқ екенін айтты, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Көктем мезгілінде су деңгейі көтерілетіні ескеріле отырып, өткен жылы тасқын қаупін азайту мақсатында өзен жағалауы нығайтылған болатын. Жалпы ұзындығы 5,3 шақырым жағалау бекітіліп, жұмыс желтоқсан айында толық аяқталды.

Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мамандарының мәліметінше, Игілік, Жаңаталап және Көкбұлақ елдімекендері тұсындағы өзен арнасы реттеліп, жағалауы бетондалған. Бұл шаралар елдімекендерді су басу қаупінен қорғауға бағытталған.

«Сонымен қатар, белгісіз тұлғалардың өзен арнасынан заңсыз тас қазып алуы салдарынан гидротехникалық құрылыс нысанына зиян келіп, бетон бөгеттің шамамен 40 метрі бүлінген. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары кінәлі тұлғаларды анықтауда», деп хабарлады Шымкент әкімдігі.

Мамандардың хабарлауынша, бүлінген аумақ мердігер мекеменің есебінен қалпына келтіріледі. Жобаның кепілдік мерзімі 7 жылды құрайды.

Жалпы жағдай тұрақты, өзен арнасы тұрақты бақылауда, тиісті қызметтер тәулік бойы мониторинг жүргізуде.

Сурет: Видеодан кадр

13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес