jasqazaq.kz

Шымкент: Абай ауданында «Таза Қазақстан» акциясы өтті

11 сәуiр, 12:23

Бүгін Шымкент қаласының Абай ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру.
Сенбілік аясында аудан аумағында кең көлемді абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, «ШымСити» саябағында өткен шараға тұрғындар, еріктілер, жастар, коммуналдық сала қызметкерлері және түрлі ұйым өкілдері белсенді қатысты.
Аудан аумағының ауқымдылығын ескере отырып, жұмыстар бес негізгі сектор бойынша ұйымдастырылды. Олардың қатарында «ШымСити» шағын ауданы, «Қызылжар», «Ақжайық» шағын аудандары, «Асар» тұрғын алабы және Есімхан көшесі бар.
Абай ауданы бойынша сенбілікке 25 мыңнан астам адам қатысты. Олардың қатарында қала тұрғындары, еріктілер, жастар, коммуналдық сала қызметкерлері және коммерциялық ұйымдардың өкілдері бар. Сонымен қатар, аудан ардагерлері де жастармен бірге тазалық жұмыстарына белсенді атсалысты.
Абай ауданы Ардагерлер кеңесінің мүшесі Орынша Тәжібаева аталған күннің маңыздылығын атап өтті:
«Аға буын үшін «Таза Қазақстан» бағдарламасына қатысу — жай ғана физикалық еңбек емес, бұл маңызды тәрбиелік үдеріс. Ардагерлер жастарға туған жерге деген сүйіспеншілікті дәріптеп, өз ауласы мен қаласының тазалығын сақтаудың маңыздылығын үлгі етуде. Сонымен қатар, қатысушылар тазалық жұмыстарымен қатар халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әрбір тұрғынды қоғамдық тәртіпті тұрақты сақтауға шақыруда», — деді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 146 тоннадан астам қоқыс жиналып, арнайы орындарға шығарылды. Тазалық шарасына 56 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Сенбілік барысында қатысушылар тұрмыстық қалдықтарды жинаумен қатар, шөп шабу, бұталар мен ағаштардың құрғақ бұтақтарын кесу, құрылыс қалдықтарын шығару жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге, қала инфрақұрылымының жекелеген элементтерін қалпына келтіру мақсатында дәнекерлеу және сырлау жұмыстары атқарылды.
Ұйымдастырушылардың атап өтуінше, мұндай іс-шаралар тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға және қала аумағын таза ұстауға бағытталған. «Таза Қазақстан» акциясы алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

10 сәуiр, 23:03
"Народный юрист": жителям Астаны оказали бесплатную юридическую помощь
08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей