Шымкент: 733 адам «Күміс жас» жобасы арқылы жұмыспен қамтылды

02 шiлде, 13:26

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек және жұмыспен қамту мәселесі туралы «мемлекеттік саясат халықты лайықты жұмыспен қамту және әділ еңбекақыға негізделуі тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Шымшаһарда тұрғындарды жұмыспен қамту бағытында бірқатар жұмыстар қолға алынған. Соның бірі – «Күміс жас» жобасы.

Биылғы жылдың маусым айындағы жағдай бойынша, Шымкентте 733 адам «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналастырылды. Ал негізі 768 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған болатын. Бұл туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қоғау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жобаға 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар зейнеткерлікке шыққанға толғанға дейін қатыса алады. Жобаға қатысу үшін өзі тіркелген мекенжай бойынша аудандық мансап орталығына өтініш беруі керек.

«Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші зейнеткерлік жасқа толмаған адамды кемінде бір жыл мерзімге тұрақты жұмыс орнына, сондай-ақ зейнеталды жастағы адамды зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмысқа орналастыруға міндетті.

Қолданыстағы ереже бойынша, жобаны жүзеге асыру мақсатында, зейнетке дейінгі жастағы адамдарды жұмысқа орналастыра отырып жалақысын субсидиялау арқылы, яғни жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған адамдардың еңбекақысын төлеу үшін қаражат шығынының бөлігін жұмыс берушіге өтеу арқылы, жұмыс берушімен жұмыс орындары ашылады.

«Күміс жас» жобасын қаржыландыруды еңбек мобильділігі орталығы жұмыс берушінің жоба аясында жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидиялар беру жолымен жүзеге асырады. Субсидиялар мөлшері: жұмыстың бірінші жылында жалақы мөлшерінің 70 пайызын (30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың екінші жылында жалақы мөлшерінің 65 пайызын (30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың үшінші жылында жалақы мөлшерінің 60 пайызын (30 АЕК-тен аспайтын) құрайды.

Жобаға қатысқан қала тұрғындары өз ризашылығын білдіріп жатыр. Мәселен, қала тұрғыны Қали Әжібаев 51 жасында жобаға қатысып, өзінің мамандығы бойынша жұмысқа орналасыпты. «2024 жылдың қаңтар айында жұмыс іздеп Қаратау аудандық мансап ортылығының қызметіне жүгіндім. Орталық қызметкерлірдің көмегімен жұмыссыз ретінде тіркеліп, «Күміс жас» жобасы бойынша берілген жолдамасы арқылы «Болашақ» ақпараттық-оңалту орталығында әңгімелесуден өттім. Қазіргі сәтте сол мекемеде заңгер болып жұмыс істеймін және өз жұмысыма көңілім толады», — дейді Қ.Әжібаев.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдегендей, «Күміс жас» жобасы алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Әлима Әлмерек

Суреттер: Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде