jasqazaq.kz

Шыменттік алаяқтар алдаудың жаңа түрін ойлап тапты

18 қазан 2017, 17:12

ОҚО полицейлері алаяқтықпен айналысқан екі күдіктіні ұстады, деп мәлімдеді ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы. Сайрам АІІБ-ның кезекші бөліміне Қарабұлақ ауылының бірнеше тұрғындары арызданды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Олар белгісіз тұлғалардың алаяқтық жолмен ақшаларын иемденіп, іздерін суытқанын. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190 бабы «Алаяқтық» бойынша Сайрам АІІБ-ның СДТБТ-не тіркелді. Сайрам АІІБ-ның жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізу барысында Шымкент қаласының 1973 және 1980 ж.т. тұрғындары ұсталды. Тергеу барысында қолға түскен тұлғалардың алаяқтықтың 4 жайтына қатысы бар екендігі анықталды. Олар арнайы ойластырылған жүйе бойынша жұмыс жасаған. Базардың жанына бір бума ақша тастап, сыртынан бақылап тұрған. Кезекті құрбан ақшаны алып жатқан кезде, іске алаяқтардың өзі кіріседі. Біреуі ақша тапқан адамға келіп, ақшамен бөлісуді ұсынады, ал екіншісі оның «жоғалған» ақшасын қайтаруды сұрайды. Нәтижесінде ер азаматтар жәбірленушінің ақшасын алаяқтық жолмен алып кетеді. Мысалға, Түлкібас ауданының 1983 ж.т. азаматынан осындай жолмен 360 мың теңгесін жымқырып кеткен. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 190 бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Бүгін, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті