jasqazaq.kz

«Шымбұлақ» уақытша жабылды

24 шiлде 2023, 12:21

Бүгін бір күнге «Шымбұлақ» тау курорты туристер үшін уақытша жабылды.

Демалыс орны әкімшілігінің мәліметінше, сел жүріп жаяу жүргіншілер көпірі мен су алатын құбыр істен шықты.
«21 шілдеде Тұйық-Су Альпі лагерінің маңында Кіші Алматы өзенінде табиғи апат болды – сел жүріп, жаяу жүргіншілер көпірі қирады, су қабылдағыш істен шықты. Соның салдарынан Шымбұлақта су беру тоқтатылды. Біздің мамандар су қабылдағыш станцияны лайдан тазарту жұмыстарын қарқынмен жүргізіп жатыр. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз» деп жазды таур курорты кешенінінң баспасөз қызметі.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері ауа температурасының жоғарылауынан және мұздықтардың еруіне байланысты Кіші Алматы шатқалының сағасындағы су деңгейі көтеріліп, ластанып, ішуге жарамсыз күйге түскенін растады. Бүгінде Алматы тауларында жағдай тұрақты және Төтенше жағдайлар департаментінің бақылауында. Таудағы көлдерінің тасу қаупі байқалған жоқ.

JQ-Aqparat

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды