jasqazaq.kz

Шылым шегетін оқушы қыздар көбейді

02 қараша 2017, 17:47

Қазақстанда темекі шегетін оқушы қыздар көбейіп барады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық сақтауды дамыту» Республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне сүйенсек, Қазақстанда темекі мен ішімдікке қарсы шаралар жүргізіліп жатса да, дұрыс тамақтану мен физикалық белсенділік, яғни денсаулық сақтаудың басты факторына дұрыс көңіл бөлінбейді. Мысалы, Қазақстанда шамамен әрбір екінші еркек темекі шегеді (46 пайыз). Ал әйелдердің темекі тарту көрсеткіші 5 пайыз десек те, мектепте жоғары сыныптарда оқитын 15-17 жастағы қыздар арасында соңғы жылдары темекі тарту көрсеткіші артып барады. Бұл жағдай бізді қатты алаңдатады», — дейді Айнұр Айыпханова. Ішімдік жағынан да Қазақстанда көрсеткіш көңіл қуантарлық емес. Қазақстанда әйелдердің 70 пайызы мүлде ішімдік ішпесе, бұл көрсеткіш еркектерде басым. Еске сала кетсек, бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты сақтау саясаты департаментінің директоры Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру бағытында атқарылған жұмыстармен таныстырды. Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құрудың мақсаты мүдделі тараптардың күштерін біріктіру болып табылады.

 

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы