jasqazaq.kz

Шығыс Қазақстан облысында үшем дүниеге келді

24 қазан 2017, 12:44

Облыстық ана мен бала орталығынан 11 қазанда дүниеге үшем әкелген бақытты ана Майра үш арысымен үйге шықты.

Нәрестелердің есімдерін жолдастары үш жүзге арнап Ақарыс, Жанарыс және Бекарыс деп атапты. Оларды перзентханадан шығарып алуға туған-туыстары, жолдас-жоралары жиналды. Бақытты отбасы үйлеріне, Күршім ауданындағы Сарыөлеңге аттанды. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлады.

Күршімдік Майра мен Әзімбектің отбасында бұған дейін алты және үш жастағы екі қыз бар екен.

Майраның айтысына қарағанда, өзі жақтан да, жолдасы жақтан да отбасыларында егіздер болғанымен, үшем кездеспепті.

Үшемнің анасы Майра педагог болса, әкесі Әзімбек өз ісімен айналысады.

Нәрестелер өмірге кесар тілігімен келгенімен, әрқайсысының салмағы екі келіден артады. Дендері сау. Облыстық ана мен бала орталығы директорының міндетін атқарушы Қарлығаш Мажиринованың айтуынша, енді сәбилер аудандық аурухана дәрігерлерінің қамқорлығында болады.

—Жыл сайын бізде тоғыз мыңдай нәресте өмір есігін ашады. Жыл басынан бері 81 егіз бала туды. Соңғы үш жыл қатарынан үшемдер келді дүниеге. Олардың барлығының денсаулығын біз қатаң бақылап отырамыз, — дейді Қарлығаш Мажиринова.

Көпбалалы отбасына ана мен бала орталығының дәрігерлері мен медициналық қызметкерлері сый-сияпаттарын жасап, шығарып салды.

Бүгін, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс