jasqazaq.kz

Шығанақтағы шырғалаң. “Қара алтын” бағасы өсті

Бүгін, 13:21

Таяу Шығыстағы ахуал мұнай бағасының күрт көтерілуіне ықпал етті.

Әлемдік ақпарат құралдары хабарлағандай, бүгін таңертең ICE Future Europe биржасында Brent маркалы мұнайдың алдағы мамыр айына арналған бағасы 13 пайызға қымбаттап, 82,37 долларға жетті. Мұндай көрсеткіш соңғы рет былтыр 16 қаңтарда тіркелген еді.
Рас, біраздан соң баға 77 долларға дейін төмендеді. Ал дені АҚШ-та өндірілетін WTI маркалы мұнайдың сәуір сәуір айына арналған бағасы 9,43 пайызға қымбаттап, 74,9 долларды құрады. Іле-шала “қара алтын” құны 4 долларға арзандады.
Сарапшылар бағаның өсуін әлемдік мұнай және газ сұранысының 20 пайызын қамтамасыз ететін Ормуз (Хүрмүз) бұғазындағы ахуалмен байланыстырып отыр.

Айта кеткен жөн, Парсы Шығанағында шырғалаң басталғанда Иран билігі бұғазды жауып, танкер қозғалысы тоқтаған еді. Көп өтпей, бұғаздың ашылғаны туралы хабар тарады.

JQ-Aqparat

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады