jasqazaq.kz

Шу облысында 4 адам тергеу изоляторынан қашып кетті

27 қараша 2017, 14:31

Кісі өлтіріп, қарақшылық жасағаны үшін айыпталған тұлғалар Қырғызстандағы Шу облысы Сокулук ауданы ІІБ уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті.

Қырғыз Республикасы ішкі істер министрлігі мәліметінше, төрт ер адам таңғы алты кезінде қашып кеткен.

Облыс бойынша және Бішкекте «Дабыл» жоспары жарияланған, жедел іздеу шаралары қолданылуда. Шу облысы аудандық ішкі істер бөлімдеріне, Бішкек қаласы ішкі істер департаментіне, басқа да облыстарға бағыттамалар жөнелтілген. Стационарлық бекеттерде милиция қызметі күшейтілген», — делінген хабарламада.
Іздеудегілер: 38 жастағы Рамиль Базаркулов кісі өлтіру бабы бойынша ұсталған, 32 жастағы Багтият Ачылдурдиев Түркіменстан тумасы, қарақшылық жасап, мүлікті қасақана жою және бүлдіру қылмысы үшін айыпталған.

Сондай-ақ, қарақшылық бабы бойынша айыпталған, 38 жастағы Талас облысының тумасы Бакыт Дилдешов пен кісі өлтірді деген күдікпен ұсталған 28 жастағы Кайрат Джанботоев іздестірілуде.
Қашқындарды іздеуге Шу облысы ішкі істер бас басқармасының бүкіл жеке құрамы мен ІІМ жедел қызметтері жұмылдырылған.

Дереккөз: sputniknews.kz

Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады