jasqazaq.kz

Шөгеннен республикалық турнир өтті

21 желтоқсан 2017, 11:12

Алматы облысының Талғар ауданында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан шөген федерациясының ұйымдастыруымен өткен республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан шөген федерациясының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, турнирге «Әулиеата», Astana Polo Club, Almaty Polo Club, Almaty Horse & Polo Club және Tu’lpar Polo Club командалары жүлделі орындар үшін сайысқа түсті. Әр команда айналмалы жүйе бойынша бір-бірімен 3 чакерден ойнап шықты. 17 желтоқсанда алғашқы ойында Almaty Polo Club командасы Tulpar Polo Club 6:2 есебімен жеңді. Astana Polo Club тартысты кездесуде Almaty Horse & Polo Club командасынан 3:1 нәтижесімен басым түсті. Almaty Polo Club пен «Әулиеата» шөген клубы арасында әсерлі ойын өтті. Almaty Polo Club 3:2 есебімен «Әулиеата» шөген клубын басып озды. Ал, соңғы матчта Астаналық Astana Polo Club Tulpar Polo Club құрамасын 2:0 есебімен жеңді. 18 желтоқсанда іріктеу ойындарының екінші күні додаға бірінші болып Almaty Horse & Polo Club пен Almaty Polo Club құрамалары тартысқа түсті. Есеп 0:5 нәтижесімен аяқталып, Almaty Polo Club жеңіске жетті. Astana Polo Club пен Әулиеата шөген клубы екінші ойында кездесіп, ойын 3: 2 есебімен Astana Polo Club пайдасына шешілді. Tulpar Polo Club пен Almaty Horse & Polo Club құрамалар арасындағы тартыс 2:1 есеппен аяқталды. 19 желтоқсанда өткен ақтық ойында «Әулиеата» шөген клубы Almaty horse & Polo Club командасымен кездесті. «Әулиеата» клубының ойыншысы Нұрдаулет Момынов дүбірлі додада 3 гол салып шебер ойынына тәнті етті. Қызықты ойынға «Әулиеата» шөген клубының ойыншылары мен қатар поло-пони де өз үлесін қосып, қарсылас командаға «пони-гол» салды. Жалпы есеппен 6:1 «Әулиеата» шөген клубы жеңді. Қызу тартыста Almaty Polo Club қарсыласы Astana Polo Club -ты 3:2 есебімен басып озды. Есеп 3 чаккерге дейін 2:2 ұпайымен теңесіп тұрды. Төреші қосымша тағы бір чаккер қосты. Ойынның соңғы минуттарында Кемел Мамедов қарсылас шөгеншілер қақпасына шешуші гол соқты. «Әулиеата» шөген клубы үшінші ойынында Tulpar Polo Club-пен кездесіп, 6:1 есебімен өз қарсыласынан басым түсті. Осылайша, командалар келесі орындарға ие болды: 1 орын — Almaty Polo Club; 2 орын — Astana Polo Club; 3 орын — «Әулиеата» шөген клубы.

 

Бүгін, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
19 шiлде, 17:32
Түркістан: Жүзім шаруашылығы қарқын алды
19 шiлде, 11:25
Экономика: Тұрақсыз әлемдегі тұрақты өсім