jasqazaq.kz

ШҚО-да 18 мың жұмыс орны құрылады

18 қараша 2017, 12:50

Шығыс Қазақстанның кәсіпкерлерді қолдау Картасына 967 миллиард теңгені құрайтын 79 инвестициялық жоба кірді. Президенттің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, басымдық экономиканың өңдеуші және өндірістік секторына беріліп отыр. Оның аясында 18 мың тұрақты жұмыс орны құрылады.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, келесі жылы Өскеменде толық айналымдағы көлік зауыты мен оған автоқосалқыларды шығарушы технопаркты іске қосу жоспарланып отыр. Жаңа өндіріс ошағы 4 мың азаматқа жұмыс береді. Республикалық деңгейге шыққан жобалардың қатарындағы Ақтоғай тау-кен байыту комбинаты да бар. Қазақстанның ірі индустриалды құрылысының біріне айналған кәсіпорын 1500 адамды еңбекпен қамтып отыр. Аймақта 2010 жылдан бастап жалпы құны 574 млрд. теңге болатын 45 жоба жүзеге асырылды. Мәселен, биыл мамырда Зайсан ауданындағы шаруа қожалықтардың бірі шағын ет комбинатын ашты.

– Жобаның құны 150 млн. теңге. Бүгінде ірі қара және ұсақ мал сою жұмыстары басталды. Жыл соңына дейін 300 бас ірі қара сойылып, 98 пайыз қуатқа көшу жоспарланып отыр, — деді кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысы Мақсат Мүсәпірбеков облыстық әкімдік отырысында. – Жалпы МИИДБ аясында жүзеге асқан 35 жоба 1-қазанда толық 100 пайыздық қуат күшіне көшкен.

2020 жылға дейін мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 393,4 млрд. теңге инвестициясы бар 11,3 мың жұмыс орнын қамтитын 34 жобаны іске асыру жоспарлануда.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті