jasqazaq.kz

Шиеліде әйелін балталаған ұстазға қатысты тың мәлімет шықты (Видео)

23 сәуiр 2025, 11:53

Күні кеше хабарлағынымыздай, Қызылорда облысы Шиелі ауданында 42 жастағы әйел ауыр хәлде ауруханаға түскен еді. Алдын ала болжам бойынша, оны күйеуі балталап, жаралаған. Анықталғандай, күйеуі 42 жастағы әйелінің саусақтарын шауып, екі қолын сындырған, басын жаралаған, деп хабарлайды jasqazaq.kz «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап.

Дереккөзге сүйенсек, ауыр қылмыс Шиелі ауданына қарасты Бала би ауылында болған. Тілшілер күдікті 21 жыл бойы сабақ берген мектепке барып, басшыларынан пікір алған.

«Ол арақ ішпейді, темекі тартпайды, намаз оқиды. Ондай тәртіпсіздікпен ескерту алған емес. Уақытша сынып жетекшілікке ұсынып жүрдік. Бірақ, соңғы уақытта сынып жетекші болған жоқ», — дейді №50 орта мектеп директорының орынбасары Райхан Жанқошова.

Ал, арна тілшілері анықтағандай, қазір зәбір көрген әйел әлі ауыр хәлде, реанимацияда жатыр. Бейресми мәліметтерге сүйенген арна әйел Астана қаласына жұмыс ауыстырғысы келгенін, ал күйеуі оған қарсы болып, қызғанып, ақыры оның саусақтарын шауып тастағанын хабарлап отыр.

«Келгендегі жағдайы өте ауыр болды. Диагнозы – «политравма», ауыр дәрежеде миы шайқалған. Оң қолының екінші, үшінші және төртінші саусақтары сынған, екі қолы да шынтағынан сынған», — дейді Шиелі аудандық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Алмас Әбілпатта.

Полиция күдіктіні үйінен ұстап әкеткен. Бұл отбасының бес баласы бар, ең кішісінің жасы – төртте.

 

Бүгін, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк