
26 ақпанда Щучинск қаласындағы дәмханалардың бірінде болған жарылыс пен өрт салдарынан қаза тапқандар саны сегіз адамға жетті. Бүгін «Авиценна Бурабай» ауруханасында зардап шеккендердің бірі көз жұмды.
Қазіргі уақытта барлық зардап шеккендер медициналық мекемелерде ем қабылдап жатыр. Олардың ішінде төртеуі Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасында емделуде. Үшеуінің жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағалануда.
Тағы бір науқас денесінің 85 пайызын күйік шалып, өте ауыр хәлде жатыр.
«Науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Күн сайын штаттан тыс бас мамандардың қатысуымен консилиумдар өткізіледі. Мамандар эфференттік терапия әдістерін қолдануда. Күн сайын Шұғыл медициналық көмек орталығына есеп беріліп отыр», – деп хабарлады облыстық аурухана дәрігерлері.
View this post on Instagram