jasqazaq.kz

«Шеврон»: Жаңа зауыт салынады

10 ақпан, 10:06

«Chevron Direct Investment Fund Ltd.» жеке компаниясы ферроқорытпа өндіретін зауыт салу бойынша «Mineral Product International» ЖШС-мен инвестициялық келісім жасалғанын мәлімдеді.

«Chevron Direct Investment Fund Ltd.» («CDIF» ЖК) жеке компаниясы Павлодар облысында ферроқорытпа өндіретін зауыт салу мақсатында қазақстандық «Mineral Product International» ЖШС мен («MPI») жалпы сомасы 23,5 миллион АҚШ доллары болатын инвестициялық келісім жасалғаны туралы хабарлайды.

Зауыт құрылысы жобасы 500-ден астам жұмыс орнын құруды және жылына шамамен 80 000 тонна FeSi 75 маркалы ферросилицийді өндіруді көздейді. Жоба Павлодар облысы мен жалпы Қазақстан өнеркәсібін дамытуға елеулі экономикалық және әлеуметтік үлес қосуды қарастыратын орнықты әрі перспективалы бизнес-жоспарды алдыға тартады.

«MPI компаниясы үшін бұл – біздің қуатты өндірістік мүмкіндіктерді қалыптастыруға және заманауи технологияларды енгізуге деген ұмтылысымызды толықтай көрсететін стратегиялық маңызды жоба. «CDIF» ЖК-мен бірлескен жұмыс жобаны жоғары деңгейде іске асыруға және өңір мен сала үшін дамудағы жаңа серпін қалыптастыруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», – деп атап өтті «Mineral Product International» ЖШС акционері, кәсіпкер Сергей Кан.

Жоба «CDIF» ЖК-нің іріктеу критерийлеріне толық сәйкес келеді және өңірлік экономиканы әртараптандыру үшін стратегиялық әлеуетке ие болып табылады. Белгілі болғандай, «CDIF» ЖК-нің негізгі мақсаты – өнеркәсіптік өндірістен бастап экологиялық бастамалар мен энергетика секторымен байланысты сервистік қызметтерге дейінгі түрлі салалардағы коммерциялық тұрғыдан тұғырлы және перспективалық кәсіпорындарға инвестиция салу арқылы Қазақстан Республикасының экономикалық өсуіне жәрдемдесу.

«Шеврон компаниясы Қазақстан Республикасымен 30 жылдан астам уақытты қамтитын ұзақ мерзімді серіктестік қарым қатынасын аса жоғары деңгейде бағалайды. Біз ел экономикасының дамуына өз үлесімізді қосуды жалғастыра бермекпіз, ал «MPI» жобасы қазақстандық өнеркәсіп пен жергілікті кәсіпорындарды қолдауда жаңа кезеңнің басталу нышаны болып табылады», – деді «Шеврон» компаниясы Еуразия бөлімшесінің вице президенті Дилан Морган.

«CDIF» жеке компаниясы Қазақстандағы жергілікті өндірістер мен кәсіпорындарға тиімді инвестиция салу үшін жаңа мүмкіндіктерді қарастыруды жалғастыра отырып, экономиканың түрлі секторларындағы жергілікті кәсіпорындардың дамуына қолдау көрсетеді және әлеуетті серіктестерді осы табысқа жету тарихының бір бөлігі болуға шақырады.
Компания туралы толық ақпаратты, іріктеу критерийлерін, инвестициялық үдерістің сипаттамасын, сондай ақ қаржыландыруға өтінім беру нысаны туралы ақпаратты «CDIF» ЖК нің www.cdif.kz ресми сайтынан табуға болады.

JQ-Aqparat 

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады