Елімізде қат мамандардың бірі энергетиктер. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында «Шеврон» корпорациясы мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы энергетика саласының мамандарын әзірлеу, олардың біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шараларды қолдау жөнінде келісім жасасты.
«Шеврон» корпорациясына қарасты «Шеврон Мұнайгаз Инк.» филиалы
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ адами капиталды дамыту және қазақстандық мамандармен білім және тәжірибе бөлісу саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Осы Келісім аясында “Шеврон” мен ҚМГ энергетика саласындағы қазақстандық мамандардың кәсіби дамуы мен тәжірибе жинақтау мәселесінде ынтымақтастық көздейді. Келісімге «Шеврон» Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесc және ҚМГ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев қол қойды. “Шеврон” компаниясының Қазақстандағы қызметі сенімділік, ашықтық және серіктестік негізінде құрылады. Біз берік қарым-қатынасымыз елдің экономикасын дамытуда, жаңа жұмыс орындарын ашуда, жергілікті бизнесті қолдауда, қауымдастықтарды құруда, мүмкіндіктерді арттырып және тұрақты дамуды ілгері жылжытуда катализатор қызметін атқаратынын мақтан тұтамыз, – деді Магнесс мырза. – Серіктестігіміздің басынан бастап біздің негізгі мақсатымыз – Адами Капиталды тұрақты дамыту. Себебі, Адамдар – біздің ең құнды ресурсымыз. ҚМГ компаниясымен жасаған келісім қазақстандық мамандардың мүмкіндіктерін арттыруға көмегін тигізетініне кәміл сенеміз”. «ҚазМұнайГаз» бен «Шевронды» көп жылдық жемісті ынтымақтастық байланыстырады, біз ірі мұнай-газ жобаларын бірлесіп жүзеге асырып келеміз. Бүгін ынтымақтастық туралы келісімге қол қоя отырып, біздің компаниялар қазақстандық мамандарды оқыту, тәжірибе алмасу және кәсіби дамыту саласында серпінді өзара іс-қимылдың келесі кезеңіне өтті.
«Шеврон» компаниясына «ҚазМұнайГазға» көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіргім келеді. Еліміздің энергетикалық секторының және жалпы Қазақстан экономикасының дамуына ықпал ете отырып, әріптестігіміз одан әрі нығая беретініне сенімдімін», – деді «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.