jasqazaq.kz

Шетелдіктер мораторийдің алдын орап кетті

29 қыркүйек 2016, 20:25

20160927143724

Қазақстанда 12 шетелдік  азамат пен шетелдіктердің үлесі бар 7 компания Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жер туралы мораторийінен бұрын, Қазақстанның жерлерін жалға алып үлгерген.

Бұл туралы  бүгін журналистердің сұрағына жауап бере отырып, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті.

«Мемлекет басшысы шетелдіктерге жерді жалға беруге мораторий жариялағанын білесіздер. Сондықтан, 2021 жылға дейін бұл тақырып (шет ел азаматтарына Қазақстан жерінің жалға беру -агенттік) жабық. Мораторийге дейін жерді жалға алып үлгерген азаматтар жұмысын істей береді. Заң кері жұмыс істемейді ғой»,-деді Е.Нысанбаев.

Жалпы, Қазақстан бойынша ауыл шаруашылығына арналған 100 835 400 гектар жер бар екен. Мораторийге дейін 12 шетелдік тұлға мен шетелдіктердің үлесі бар 7 компания 31 мыңнан аса гектар жерді жалға алып үлгерген екен.

«Қазір Қазақстан бойынша жерді жалға алған 12 шетелдік тұлға бар. Олар 31.3 мың гектар жерді жалға алып отыр. Жалпы, Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің көлемі 100 835 400 гектар жер бар. Яғни, шетелдіктерге 0,03 пайыз гектар беріліп отыр. Бұл өте аз көрсеткіш. Шетелдіктердің үлесі бар 7 компания жұмыс істейді.  Олар 80 мың гектар жерді пайдаланып отыр. Сондықтан, шетелдіктерге көп жерімізді беріп қойдық деп уайымдаудың қажеті жоқ»,-деді Е.Нысанбаев.

ҚазАқпарат

27 наурыз, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету