jasqazaq.kz

Шерзат соты: Қаржаубай Нұрымовтың қолында қандай пышақ болған?

22 мамыр 2025, 11:15

Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Бүгінгі тыңдалымда сот материалдарын зерделеу жұмыстары жалғасты.

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы тергеу кезінде анықталған деректерді жария етті. Сондай-ақ сот отырысында куәгер Дана Жақсыкелді тергеу кезінде берген бейнежазба арқылы тыңдалды.

Куәгердің айтуынша, төбелес дүкеннің алдында басталған және оқиға болған жерде мылтықтан басқа суық қару көрмегенін айтты. Алайда «777» дүкенінің алдында Абзал Шынасылдың қолында пышақ болғанын растады.

– Абзал маған «қолыма диззи» құйып жіберші» деді. Сол сәтте оның қолынан үшкір пышақты байқадым, – деді куәгер Дана.

Сотта жәбірленуші Қаржаубай Нұрымовтың бейнежазбасы да көрсетілді. Онда Нұрымов айыпталушы Нұрқиястың қолында мылтық болғанын, ол мылтықпен Шерзат Полатты ұрып жатқанын көргенін мәлімдеді. Сонымен қатар Нұрболдың қолында да пышақ болғанын айтып, кейін өзі де пышақ алғанын жеткізді. Оның айтуынша, дүкен ішінде басқа пышақ болмаған.

Бейнежазбада Нұрымовтың қолындағы пышақ нақты көрсетілген. Сараптама қорытындысына сәйкес, пышақтың жалпы ұзындығы – 30 см, ені – 20 см.

– Нұрбол пышақ алып шыққан соң, мен де қолыма пышақ алдым. Бірақ бұл сәт бейнежазбаға түсіп қалмады, – деді Қаржаубай Нұрымов.

Дегенмен, көрсетілім кезінде сотталушылардың бірі Нұрымовтың қолындағы пышақтың дәл сол пышақ емес, сары түсті болғанын атап өтті.

10 сәуiр, 23:03
"Народный юрист": жителям Астаны оказали бесплатную юридическую помощь
08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей