jasqazaq.kz

Шерзат соты: баланы өлтірді деп айыпталғандардың көбі бұрын да сотталған болып шықты

17 сәуiр, 11:42

Талғар ауданында он алты жастағы Шерзат Полатты өлтірді деген айып тағылғандар бұрын істі болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Талдықорғанда Шерзат өлімі бойынша басты сот талқылауы басталды. Қазір сотта айыпталушылар өзін таныстырып жатыр. Олардың көбі бұрын қылмыстық жазаға тартылған болып шықты.

1998 жылғы айыпталушы Сәкиев бұрын мейрамхана администратор болып істеген. Бойдақ, ата-анасымен тұрған.

2021 жылы Талғар аудандық сотының үкімімен Қылмыстық кодекстің 381-бабы бойынша екі жыл алты ай бас бостандығы шектелген. Қазір соттылығы жойылған.

Сәкиев сот отырысына дайын емес екенін, өзінің позициямсын адвокатымен сөйлеспегенін айтты.

Ал 2000 жылғы айыпталушы Белғожаев мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде әдіскер болып істеген. Ол да бұрын сотты болған, 2015 жылы 106-бап бойынша бас бостандығы шектелген. Бойдақ. Сот отырысына дайын екенін айтты.

Тағы бір айыпталушы Тоқтаубаев пен 1993 жылғы айыпталушы Әскентай да бұрын істі болған. Азамат Тоқтаубаев 2020 жылы жеті жылға бас бостандығынан айырылған. 1996 жылғы Нұрбол Тоқтаубаев бұрын сотты болмаған. Үйленген. Сот қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтеу туралы үкім шығарған. Үйленген. Сондай-ақ, айыпталушы 1998 жылғы Ілиясов бұрын сотты болған. 2023 жылы 107-бап, екі жыл алты ай бас бостандығы шектелген, жазасы өтелмеген. Бойдақ, жұмыссыз.

1998 жылғы айыпталушы Дидар Қалиахмет бұрын істі болмаған. Үйленген, екі баласы бар.

26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр