Шерхан Арыстан – «Витебск» байқауының жеңімпазы

14 шiлде 2023, 11:10

Қазақстандық жас өнерпаз Шерхан Арыстан XXI Халықаралық «Витебск» балалар музыкалық байқауының Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы БЕЛТА агенттігі жазды. Шерхан Арыстан жүлдені «Витебскідегі славян базары» XXXII халықаралық өнер фестивалінің ашылу салтанатында Беларусь Президенті Александр Лукашенконың қолынан алды.
Қазылар алқасы 12 жастағы Шерхан Арыстанға екі күнде ең жоғары баға – 70 балдан берді. Ол барлық қарсыластарынан озып, 140 ұпай жинады.
Байқаудың бірінші күнінде ол Андреа Бочелли, Дэвид Фостер және Эми Фостердің Ama, Credi e vai («Сүй, сен және бар») композициясын орындады.
БЕЛТА-ның жазуынша, жас орындаушы мықты вокалдық өнерін көрсетіп, көрермендер мен қазылар алқасын таңқалдырды. Шерхан туған елінде танымал эстрада жұлдызы болуды армандайтынын айтты.
Беларусь елінің атынан өнер көрсеткен София Рустамова байқау көшбасшысынан небәрі 4 ұпай артта қалды. Байқаудың бірінші күнінде ол 66 ұпай, ал екінші күні — 70 ұпай жинады.

JQ-Aqparat

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды