jasqazaq.kz

Шенеунікті Jeep-тен Ниваға

02 қараша 2017, 18:55

«ҚазАвтоӨнеркәсіп» одағы шенеуніктердің шетел көліктеріне тым әуестігін айтып, импорттық көлікке тыйым салуды сұрады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Биыл біздің шенділер үшін сырттан өткен жылмен салыстырғанда жеті жарым есе көп импорттық темір тұлпар алыныпты. 2016 жылдың алғашқы тоғыз айында 67 техника сатып алынса, биыл 508. Мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компаниялар импорттық көлікке бюджетінде 6 млрд 700 млн теңге бөлгізген. Әсіресе өңірлік әкімдіктер қымбат жол талғамайтын жапон көліктерін жақсы көреді екен. Оның ең арзаны қазынаға 24 млн теңгеге түседі. Енді ҚазАвтоӨнеркәсіп одағы мемлекеттік сатып алу туралы заңға өзгеріс енгізуді ұсынып отыр. Онда мемлекеттік қызметкерлер шеніне қарай көлік мінсін, шетелдің өніміне шектеу салынсын, сатып алуларда отандық көлікке басымдық берілсін делінген. Сонда жыл сайын көліктен кем деген 1млрд теңге үнемделмек.

Олег Алферов, ҚазАвтоӨнеркәсіп одағының төрағасы:

– Мемлекет соңғы 15 жылда отандық авто өнеркәсіпке көп қаражат құйды. Президенттің өзі «отандық өнім ал» деп ұран салып жатқанда, осы көштің алдында болуы тиіс мемлекеттік органдардың шетелдікіне жүгіргені түк түсініксіз. Тіпті қисынсыз. Ал шалғайдағы аудандық әкімдер үшін нағыз жұмыс көлігі Нива бар.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы