jasqazaq.kz

Шенеунік өзенге ағып кете жаздады (видео)

09 шiлде 2020, 17:25

Алматы облысына қарасты Текелі ауданы әкімі аппаратының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты.

«Ол «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің директорынан Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жүргізіліп жатқан Текелі қаласының аумағын абаттандыруға қатысты келісімшарт бойынша қоғамның қызметіне жалпы қамқорлық көрсету үшін 1,5 млн теңге сомасында пара алу күдігіне ілінді», — деді тергеуші.

Оның айтуынша, Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысын әшкерелеу кезінде ол өз басын қауіп-қатерге тігіп, оқиға орнынан жасырынбақ болған.

«Ол өзенге секіріп, оны жүзіп өту арқылы жасырынғысы келген. Сонымен бірге өзі өзенге ағып кете жаздаған. Алайда, оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері ұстады. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды», — деді Қайсар Баржақсынов.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @kris_p_almaty +21 | 🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.online)

ҚазАқпарат

02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды
02 шiлде, 14:07
Түркістан: Мүмкіндігі шектеулі 15 434 азаматтың құқықтары қорғалды
02 шiлде, 13:00
Түркістан қаласындағы балалар қауіпсіздігі – басты назарда
02 шiлде, 12:44
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптейтін байқаулар өтті
01 шiлде, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар