jasqazaq.kz

Шемонаиха ауданында арнаулы мемлекеттік қор есебінен сумен жабдықтау жобасы жүзеге асырылуда

06 шiлде 2025, 17:01

Шемонаиха ауданына қарасты Большая Речка ауылында су құбырларын тарту бойынша ауқымды инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда.

Жұмыстар 2023 жылы «ALPHA GRAPHICS» ЖШС әзірлеген жобалық-сметалық құжаттама негізінде жүргізілуде.

Жобаның жалпы құны – 552,4 млн теңге.

Жоба аясында ұзындығы 17,1 шақырымды құрайтын су құбыры желілерін тарту, жаңа (резервтік) су ұңғымасын бұрғылау, су тарту және су тарату нысандарын салу көзделген. Оның ішінде бірінші көтерілімдегі екі және екінші көтерілімдегі бір насос станциясы, сондай-ақ көлемі 75 м³ болатын екі таза су резервуарының құрылысы бар.

2024 жылдан бастап жобаны «Sem ARTA Stroy» ЖШС мердігер ұйымы жүзеге асырып жатыр. Өткен жылы облыстық бюджеттен 71 млн теңге бөлініп, толығымен игерілді. Ал биыл жобаға толық көлемде қаржы бөлінді: 200 млн теңге республикалық бюджеттен, 242,2 млн теңге арнаулы мемлекеттік қордан бағытталды.

Бүгінде жобалық 17,1 шақырымның 12 шақырымы төселіп, 86 құдықтың 46-сы орнатылды. Сонымен қатар, су ұңғымасын бұрғылау жұмыстары аяқталуға жақын, насос станцияларында жер қазу және іргетас құю жұмыстары басталды.

Құрылыс алаңында 26 маман және 6 арнайы техника: бір самосвал, екі экскаватор, екі манипулятор және бір тиегіш жұмыс істеуде. Құрылыс-монтаж жұмыстарының нақты орындалуы 40%-ды құрайды. Нысанды пайдалануға беру 2025 жылдың қазан айына жоспарланған.Жобаны іске асыру нәтижесінде Большая Речка ауылындағы 355 тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.
Сурет: Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі

31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам
31 наурыз, 14:23
Есірткі кеселімен күрес – ортақ міндет
31 наурыз, 14:14
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – басым бағыттың бірі
30 наурыз, 16:02
Күрежолды дамытудағы жаңа бағыт
29 наурыз, 12:17
Көмір генерациясы – өңірлердің даму драйвері
27 наурыз, 20:32
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр