jasqazaq.kz

Үшемнің анасы кімге өкпелі?

01 қараша 2016, 11:17

ana

Алматы облысында 7 ай бұрын дүниеге үшем әкелген ана аудан әкімдігіне өкпелі. Себебі перзентханаға құттықтай келген Жамбыл ауданының басшысы Жандарбек Далабаев тұрмысы нашар жас отбасын жаңа баспанамен қамтамасыз етеміз деп уәде берген.
Содан бері әкімдіктен хабар болмады дейді үшемнің анасы. Әр босағаны паналап жүрген көп балалы отбасы нәрестелердің денсаулығына алаңдайды.

Айнұр, Гүлнұр, Балнұр есімді үшем осыдан жеті ай бұрын дүниеге келген. Әбілешовтер отбасында Жамбыл ауданының орталығында мынадай бір бөлмелі тар пәтерде тұрып жатыр. Отағасының нақты бір жұмысы жоқ. Ал бес баланы бірдей қарап отырған аналары тар бөлмеде бала бағудың қиындығын айтуда.

Үшем тамақ сұрап бірдей жылағанда есім шығады деген жас ана тұрмыстың қиындығын айтып көз жасына да ерік берді. Жеті ай бұрын үй беріледі деген жақсылық хабарды естіген жұрт та құттықтап жатады екен.

“Күн суытпай кірейін деп едік. Көрген адам айтады, больницаға, бір жерге барсам “сіздер үйлі болыпсыздар, құтты болсын” деп. Бірақ әлі ешқандай үйлі болған жоқпыз”, – дейді үшемнің анасы Жанипа Әбілешова.

Үшем әкелерін аптасына екі мәрте ғана көреді. Әкелері күнкөріске ақша табу үшін жалданып жұмыс жасайды екен. Ал сәбилер үнемі дәрігерлердің бақылауында, денсаулықтары жақсы. Үй береміз деген әкімдік уәде орындалады дейді. Демеушілерге иек артқан жергілікті билік тек күту керектігін айтады.

“Ол кісілер бізде қабылдауда болған. Аудан әкімі барып құттықтаған. Биыл жылдың аяғына дейін спонсорлық көмек ретінде үй мәселесін шешу бағытында жұмыс жасап жатырмыз. Жылдың аяғына дейін ол орындалады”, – дейді Жамбыл ауданы әкімі аппаратының басшысы Абзал Нұрпейісов.

Уәденің жеті айдан бері орындалмауын әкімдік өкілі ауданда тұрғын үй қорының жоқтығымен түсіндірді. Жыл соңына дейін баспана толықтай тегін берілмек. Ал бір бөлмеге тығылған отбасы көп ұзамай қоныс тойын тойлайды деп сендірді әкімдік.

stan.kz

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету