jasqazaq.kz

Шелектен соққан желдің экологияға қосқан үлесі

30 мамыр 2023, 13:05


Елімізде 2021 жылы қабылданған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы экологиялық ахуалды жақсатуға, халықтың қолайлы өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған. Экологияны жақсартуға арналған бағыттардың ішінде жаңғыртпалы энергия көздеріне біртіндеп ойысу міндеті де бар.

Еліміздің жаңғыртпалы энергия көздері бойынша әлеуеті зор екені бұрыннан айтылып келеді. Гидроэнергия, жел және күн энергиясы кіретін ресурстық әлеуетіміз 1 триллион кВт/сағат мөлшеріне тең деп жобаланған. Мамандардың айтуынша, кең-байтақ жеріміздегі жел энергиясының қуаты ешқашан сарқылмайды. Бұл орайда Жоңғар қақпасында күндіз-түні соғып тұратын қуатты жел екпінін және Алматы облысына қарасты Шелек ауданындағы желдің күшін айтуға болады. Оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірдегі сарқылмас жел қуаты да болашақта балама энергия үшін таптырмас ресурс екені дәлелденді. Еліміздің бірқатар өңір¬ле¬рін¬дегі жел энергиясының қуаты 1 шаршы шақы¬рымға 10 МВт-ға тең келеді екен.
Алматы облысының жаңғыртпалы энергия өндіруде табиғи мүмкіндігі мол. Мәселен, Орталық Азиядағы «жел полюсі» деп аталатын Жетісу қақпасында желдің қуаты қарқынды. Қақпа Балқаш-Алакөл ойпатын Қытайдың Ебінұр ойпатымен жалғастырады. Ел аузында «Шелектің желі» деп атанып кеткен Бұғыты жазығынан екпіндете соғатын Ебі желінің ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде оның электр энергиясын өңдеуге өте тиімді екені анықталды. Еңбекшіқазақ ауданындағы осы Шелек өңірінде жел энергиясын молынан өндіруге болады.

Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының энергия және энергия үнемдеу бөлімінің бас маманы Ержан Әділет бізге берген сұхбатында былай деді: «Алматы облысында жобалық қуаты 322,9 МВт жаңартылатын энергия көздерінің 21 нысаны, оның ішінде жалпы қуаты 29,68 МВт 6 су электр станциясы, жалпы қуаты 142 МВт жететін 9 жел электр станциясы, жалпы қуаты 160,36 МВт болатын 6 күн электр станциясы бар. 2025 жылға қарай жалпы қуаты 77,15 МВт, жалпы құны 145,9 млрд теңгені құрайтын жаңартылатын энергия көздері бойынша 12 жобаны іске асыру жоспарда бар. Бұл облысымызда 120 жаңа жұмыс орнының ашылуына жасалған үлкен қадам. Жаңғыртпалы энергия көздері басқа аймақтардан энергияны аз сатып алуға және оны өзімізге өндіруге жол ашады. Баламалы энергетиканы дамыту қазіргі таңда ең өзекті мәселе болып табылады және Алматы облысы әкімінің бақылауында. «Жасыл» экономика таза технологияларға жол ашып, бұл саланы дамыту экологиялық дағдарысты болдырмауға әсер ететінін есте сақтауымыз керек».

Былтыр қыркүйек айында Еңбекшіқазақ ауданында қуаттылығы 60 МВт болатын жаңа жел электр станциясы іске қосылған еді. Алдағы жылдары оның қуаты 300 МВт-қа дейін кеңейеді. Бүгінде бұл облыс аумағындағы тоғызыншы жел электр станциясы. Еңбекшіқазақ ауданында жел энергиясын өндіретін 4 нысан, ал Қонаев қаласында 5 нысан орналасқан. Шелектегі жел электр станциясы — Қазақстан-Қытай компаниялардың бірлескен жобасы. Аталған жоба «Самұрық-Энерго» АҚ қазақстандық электроэнергетикалық холдингі және қытайлық HYDROCHINA Corporation корпорациясымен серіктестікте жүзеге асты. Жобаның құны — 37,4 млрд теңге. Жаңа станция әрқайсысының номиналды қуаты 2,5 МВт болатын 24 90 метрлік жел турбиналарынан тұрады. Сонымен қатар нысанда байланыстық инфрақұрылым, қосалқы станция, әуе электр желілері бар. Станция жел турбиналарын шығаратын әлемдегі жетекші өндірушілердің бірі GoldWind компаниясының жабдығы арқылы салынды. Нысан 50 метр биіктікте желдің орташа жылдық жылдамдығы 7,8 м/с құрайтын жаңартылатын энергия көздерін салуға үлкен әлеуеті бар өңір. Шелек дәлізінде орналасқан. Шелек дәлізі де елдімекендерге жақын болғандықтан, мұндағы жел электр нысаны ең ұтымды жоба болып табылады.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев атап өткендей, жел электр станциясы облыс тұрғындарын үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар өңірдің экономикалық дамуына да серпін береді. ЖЭС жылына 225,7 млн кВт/сағ электр энергиясын өндіреді. Өндірістік сипаттамалармен қатар, жоба өзінің экологиялық құрамдас бөлігімен аймақ үшін маңызды. Электр станциясын салу және іске қосу парниктік газдар шығарындыларын 206 000 тоннаға дейін азайтады. Сонымен қатар жылына 89 000 тоннадан астам эталондық отынды алмастырады. Осының барлығы біздің еліміздің жер шарындағы келеңсіз процестерді, мәселен, жаһандық жылынуды бәсеңдетуге қосқан үлесі болып табылады.

Анарбек Бердібаев,
Алматы облысы

06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
02 мамыр, 15:32
“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң