Шекарашылар 9 браконьерді ұстады

06 қараша 2019, 10:34

Алматы облысында шекарашылар 9 браконьерді және бір шекара бұзушыны құрықтады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Тengrinews.kz хабарлайды.

Жуырда ғана браконьерлердің заңсыз әрекетінің кесірінен «Охотзоопрома» инспекторы қаза тапқан сәтте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерліктің жазасын қатайтуды тапсырған еді. Соған қарамастан, заңның талабынан қорықпайтын кейбір азаматтар әсіресе шекаралық аймақтарда заңсыз әрекеттермен айналысуды жалғастыруда. Алайда, олар шекарашылар мен шекара маңында тұратын халықтың қырағылық факторын ескере бермейді. «Өткен демалыс күндері ерікті жасақтың мүшесінен келіп түскен ақпарат бойынша Шонжы шекара жасағының шекарашылары «Талдысай» шатқалында 9 браконьерді қылмыс үстінде қолға түсірді. Барлығы да ҚР азаматы. Құқық бұзушылардың қолында аң аулайтын қару-жарақ және сойылып бұзылған бір қапшық ет болды. Одан әрі, Нарынқол аудандық полиция бөлімінің, прокуратура мен ҰҚК қызметкерлерімен берлесіп жүргізген тиісті іс-шаралар барысында тағы да 4 қару-жарақ запас ұңғыларымен, оқ-дәрілерімен, сондай-ақ 60 келіден аса ет және мүйізі бар Маралдың басы табылды», — делінген хабарламада. . Ұсталғандар заттай айғақтарымен бірге Райымбек аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде
21 шiлде, 10:14
Түркістан: Полиция бөлімінің жаңа ғимараты ашылды
21 шiлде, 10:13
Түркістан: Бас полицейдің жеке қабылдауы және күре жолдағы акция
21 шiлде, 10:08
Түркістан: «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы түрлі құқық бұзушылықты анықтады  
17 шiлде, 19:00
Ұлы мұрат - тәуелсіздік
16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес