Шекаралық аудандар қайта құрылады

25 шiлде 2023, 11:12

Қытаймен шекарадағы бұрынғы аудандарды қайта құру мәселесі қаралып жатыр. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бүгін Үкімет отырысында осылай деді.

Әлібек Қуантыровтың айтуынша, шекара маңындағы аудандардың инфрақұрылымын дамыту қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар аясында іске асып жатыр.
«2019-2022 жылдары «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша шекаралық ауылда 1,5 мың жоба іске асырылған. Биыл 134 ауылда 300-ге жуық жоба жүзеге асырылып жатыр», — деді ол.
Сондай-ақ ведомство басшысы шекаралық ауылдарды сапалы интернетпен және байланыспен қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібінде тұрғанын атап өтті.
«Туризмді, трансшекаралық туризмді дамыту үшін қазіргі таңда тиісті жол картасы әзірленуде. Шекаралық аудандар дегенде, әсіресе, Қытаймен шектесіп жатқан кейбір аумақтардағы бұрынғы аудандардың мәртебесін қалпына келтіру мәселесі қарастырылып жатыр», — деді министр.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды