jasqazaq.kz

Шекаралы аймақтағы қазақстандықтар отандық телеарналарды цифрлық жүйемен тамашалайды

10 қыркүйек 2018, 6:24

Шекаралас аумақта қоныстанған қазақстандықтар 15-ке жуық отандық телеарнаны цифрлық жүйеде тамашалай алады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты.

Д.Абаев «Биыл қазақ телевизиясының құрылғанына 60 жылдан аса уақыт өтті. Дәл осындай тарихи кезеңде біз отандық цифрлық эфирлік телерадиохабарларын таратуды кешенді түрде қолға алдық. Қазір жан-жақты жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Бұл ауқымды әрі маңызды шара екенін атап өткім келеді», — деп тоқталды.

Осы ретте ол цифрлық хабар тарату қалың көрерменге әсіресе аудан, қала орталықтарынан шалғайда орналасқан ауылдағы ағайынға қандай пайда әкелетіндігін атап өтті. «Біріншіден, бұл эфирдің және дыбыстың жоғары сапасын, екіншіден, телеарналар пакетінің ұлғаюын қамтамасыз етеді. Мемлекетіміз осы жұмысты қолға алған уақытта бүкіл елдің аумағын цифрлық деңгейге көшіру жоспарының жүзеге асатынына сенімсіздікпен қараған адамдар да болды. Өйткені Қазақстанның жер көлемі өте ауқымды екені белгілі. Халық та тығыз орналаспаған. Шекарадағы ауылдар мен алыс елді мекендерде тұратын халықтың 100 пайызын цифрлық хабар таратуға ауыстыру алынбайтын қамал сияқты көрінгені рас. Алайда Елбасының тікелей тапсырмасы мен саяси ерік-жігерінің нәтижесінде қаржылық мәселелер де шешіліп, телекоммуникация саласындағы инфрақұрылымды дамытуға даңғыл жол ашылды», — деді министр. Мәселен, министрдің дерегінше, көрші Қырғызстан цифрлық хабар таратуға толық ауысты. Оларға 100-ден аса радио телевизиялық станса жеткілікті болды. Ал біздің мемлекетті толық қамтамасыз ету үшін 827 станса қажет. Д.Абаев «Біз ол жұмысты аз уақытта аяқтауды жоспарлап отырмыз. Цифрлық хабар тарату техникалық мәселені шешумен ғана шектелмейді. Бұл ең алдымен үлкен идеологиялық шешім деуге толық негіз бар. Өздеріңіздің де естеріңізде болар, біз осы ауқымды жұмысты бастаған уақытта шекаралас аумақта орналасқан ауылдарда отандық бір-екі телеарна ғана көрсететін. Біз осы стандартқа толық ауыссақ қазақстандықтар облыс орталықтары деңгейінде 30-ға жуық телеарнаны, ауыл және аудан орталықтарында 15-ке жуық отандық телеарнаны цифрлық сапада тамашалай алады. Яғни отандық арналар арқылы халық өздеріне қажетті ақпарат пен бағдарламаларға қол жеткізеді. Отандық пакетте «жаңалық» пен «балаларға арналған», «мәдениет» пен «кино», «спорт» сияқты түрлі арналар болады. Бұл мемлекеттік ақпараттық саясатты нығайтуға да өз ықпалын тигізеді», — деді.

Руслан Достаев

Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылады.

Бүгін, 14:21
Туристический потециал Отырара: новый взгляд на древнее наследие
Бүгін, 14:02
В Туркестанской области введены в эксплуатацию 29 «Комфортных школ»
Бүгін, 14:00
Туркестанская область - лидер по краткосрочным экономическим показателям
Бүгін, 13:59
Туркестан: Ведется строительство солнечной электростанции мощностью 300 МВТ
Бүгін, 13:57
30 предприятий Туркестанской области приняли участие в выставке «ULTTYQ ÓNIM - 2026»
Бүгін, 13:52
Туркестан: в Ордабасинском районе откроется завод по переработке костей крупного рогатого скота
26 мамыр, 16:59
Как формируется интерес студентов к чтению книг в Туркестане?
26 мамыр, 16:54
Эльмира Идрисова: Главная цель университета — подготовить учителей нового формата
25 мамыр, 18:28
В Туркестанской области более 35 тысяч выпускников завершили обучение