Қазақстан-Өзбекстан шекарасында есірткі затын іш киіміне жасырып өтпек болған өзбекстандық ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сарыағаш шекара отрядының «Жібек жолы авто» өткізу бекетінің кезекшілігі қызметтік иттің көмегімен Өзбекстаннан Қазақстанға жаяу өтпек болған 28 жастағы өзбекстандықты ұстады. Ұсталған азамат ішкі киміне жасырынған 65 граммнан астам гашишті ел аумағына алып өтпек болған», — делінген хабарламада. Ведомствоның атап өтуінше, аталған азматтың ұсталғандығы жайында өзара іс-қимыл жасаушы және құқық қорғау органдарының өкілдеріне хабарланған.